Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«АҚТАУ СЕРПІНІ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

11.01.2018
10:45:34
475

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» жолдауына сәйкес еліміздің барлық облыс орталығында, соның ішінде Ақтау қаласында ауқымды істер атқарылды.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Е.Л.Тоғжанов, сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, қала ардагерлері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері алдында Ақтау қаласының әкімі Ғ.М.Ниязов әлеуметтік даму бойынша «Ақтау Серпіні»атты жаңа жобаны таныстырды.

Жоба мақсаты – қала тұрғындарының өмір сапасын заман талаптарына сай жақсарту, тұрақты экономикалық даму, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету.

Аталған жоба негізгі 4 стратегиялық бағытқа басымдық беріп отыр.

Бірінші, адами капиталды дамыту. Соның ішінде: білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт салаларын жақсарту;

Екінші, қалада тіршілік ету ортасын сапалық тұрғыдан жақсарту. Транспорт, тұрғын үй проблемаларын шешу. Аумақтарды және инфрақұрылымдарды дамыту.

Үшінші, қаланың бәсекелестік мүмкіндіктерін пайдалану. Инновациялық технологияларды, жаңа өндіріс орындарын енгізу.

Төртінші, «Ақылды қала» элементтерін енгізу, қайырымдылықты қолдау, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту арқылы басқарудың тиімділігін арттыру.

Облыс әкімі өз сөзінде Ақтау мен облыстағы барлық жаңа жобаны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жолдауында айтылған бағыттарға сәйкес қарастыру керектігін айтты.

«Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірнеше нақты бағытты атап өтті:

1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

7.Адами капитал – жаңғыру негізі.

8. Тиімді мемлекеттік басқару.

9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Бұл 10 бағыттың бәрі де Ақтау қаласына тікелей қатысты. Еліміздің саяси тұрақтылығы мен жалпы қоғамдық келісімдік бағытын одан әрі нығайту үшін, сөз жоқ, алдымен экономикалық мәселелер мен қазіргі қоғамдағы нақты әлеуметтік сұрақтарды бірге қарастырып шешуіміз қажет. Осыған байланысты қала әкіміне бірнеше тапсырма жүктелді. Қаланың бас жоспарын қайта қарастыруды керек», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


20.01.2018
13:37:21
273
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Түпқараған ауданындағы жұмыс сапары барысында екі ауылдың тұрғындарымен кездесті. Түпқараған ауданында…
20.01.2018
12:51:42
244
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылында түйе сүтін қайта өңдейтін сүт зауытының…
18.01.2018
17:05:22
443
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Бүгін ҚР Білім…
18.01.2018
15:48:18
489
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің…
18.01.2018
14:04:54
670
Маңғыстау облысының әкімдігінде Ақтау Эко-қаласын салу және қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. «Құрметті қонақтар, киелі…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz