«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 5 ірі жоба жүзеге асырылады
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 5 ірі жоба жүзеге асырылады
Добавлено: 12.02.2018
Изменено: 12.02.2018
Просмотров: 1466

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 5 ірі жоба жүзеге асырылады

Бүгін Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында цифрландыру  туралы, энергетика саласындағы тарифтерді қалыптастыру, «Ақтау теңіз порты» АЭА дамыту мәселелері қаралды.

«АЭА Теңіз Ақтау» ААҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Қайратов арнайы экономикалық аймақтың дамуы туралы мәлімдеді. 2003-2017 жылдары 30 қатысушы тіркелді. Осы кезеңде салынған инвестиция көлемі 94,6 млрд. теңгеге жетті. Өндіріс көлемі 260 млрд. теңгені құрады. 1 323 жаңа жұмыс орны құрылды. Бюджетке 23 млрд теңге салық төленді. 2017 жылы 205 млрд. теңгеге 4 жоба іске асырылып, 330 жұмыс орны ашылған. 2018 жылы құны 12,1 млрд. теңге болатын 5 жобаны іске асыру және 364 жұмыс орнын құру жоспарға енгізілгенін атап өтті.

Маңғыстау облысының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Малик Әбдіқадыров энергетика саласындағы тарифтерді қалыптастыру туралы мәлімдеме жасады.

  Қазіргі таңда облыста 45 табиғи монополия субъектісі тіркелді. Газ бағасының өсуі электр энергиясын, жылу мен суды өндіруге жұмсалатын шығынға әсер етті. «Егер халық үшін жылу энергиясын өндіретін болсақ, оларға жеңілдік бар (9 200 теңге). 1 000 текше электр энергиясы 19 833 теңгені құрайды. Осыған байланысты МАЭК Қазатомөнеркәсібі үшін газ тарифтеріне жеңілдік енгізу туралы үкіметке өтініш беруді ұсынамын. Екінші мәселе – электр энергиясын таратушы мекеменің кеңеюі. Тариф әр жерде әртүрлі. Бірақ жоғарыдағы ұсыныстар  ең болмағанда халық үшін тарифтердің төмендеуіне көмектеседі деген ойдамыз. Аталған бағытта біз монополистермен де, жергілікті атқарушы органдармен де тығыз жұмыс істеуге дайынбыз», - деді облыстық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Малик Әбдіқадыров.

  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Дәурен Табжанов «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы баяндады. 2020 жылға дейін жол секторының инвестициялық жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

 Атап айтқанда:

1.  «Бейнеу-Шетпе» автомобиль жолының учаскесін қалпына келтіру (60 км).Шарттың құны – 12,4 млрд. теңге. 2018 жылға 0,4 млрд. Теңге қарастырылған.  Жоба ағымдағы жылы аяқталады деп күтілуде.

2.  Ұзындығы 170 км құрайтын  «Шетпе-Жетібай-Ақтау» тас жолын қайта құру. Жоба құны – 37 277,0 млн. теңге. Жұмыстар ағымдағы жылдың 26 қаңтарында толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

3.  Ұзындығы 73 км «Жетібай-Жаңаөзен» автожолын қайта құру. 2018 жылы Азия даму банкінің қаражатынан жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жоба құны - 25,0 млрд.теңге.

4.  Ұзындығы 85 км болатын «Бейнеу-Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы» автожолын қайта құру. Жобаның жалпы құны – 22 725,3 млн. теңге.

5.  Ұзақтығы 22 км болатын «Құрық-Порт-Құрық» тас жолын қайта құру. Жобаның жалпы құны - 8 570,3 млн. теңге. Ағымдағы жылдың сәуір айында барлық жоспарланған жұмыс аяқталады.

6.  Шетпе-Қызан тас жолының «Тасмұрын-Мәстек» участкесін қаржыландыру қарастырылуда.  Жобаның жалпы құны 2,6 млрд. теңге.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Руслан Бектубаев қордың атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуді көздейтін 63 денсаулық сақтау ұйымының деректер базасы құрылды. Компания аясында 6 жеке медициналық клиникаға 32 666 адам орналастырылды. Облыс бойынша жарналар мен аударымдардың құны 1 774,3 млн. теңгені құрады. ҚР өңірлері бойынша Маңғыстау облысы жарналар мен аударымдар бойынша 7-орында.

Цифрлық кеңсесінің өкілі Роман Құрбанов Маңғыстау облысындағы «Сандық Қазақстан 2018-2022» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстарына тоқталды. 81 денсаулық сақтау ұйымының 78-не (96,3%) кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілді. Ағымдағы жылы аталмыш жүйені тағы үш медициналық ұйымға енгізу жоспарлануда. Медициналық ұйымдарда интернетке қолжетімділіктің орташа көрсеткіші 95,6%-ды құрады. Уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын электронды форматқа көшіру және «электрондық үкімет» порталы арқылы беру жүзеге асырылады. Білім беру саласында компьютерлік техникамен 100%, ал интернетпен қамту 92,5%-ға жетті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы