Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Құрметті маңғыстаулықтар!
Добавлено: 21.03.2018
Изменено: 21.03.2018
Просмотров: 841

Сіздерді көгімізде алтын Күн аялап, жарық дүниенің жанданып жарқыраған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мейрам—Ұлы Даланы мекендеп, жыл он екі ай маусымдарының қас-қабағымен санасып, аспан шырақтарын бағдарлап, төрт түлік малды тіршілігіне тірек еткен бабаларымыздың шаттық мерекесі.

  Қазақстан Республикасының Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы 15-наурыздағы Жарлығымен бұл күнді ресми мереке етіп жариялады. Ол кезде егемен ел болмағанымызбен, көп ұзамай, сол жылы-ақ бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіздікке қол жеткіздік. Көгімізде көк байрағымыз желбіреді.

  Өңірімізде тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан көптеген ұлттар өкілдері осынау мереке аясында тағы да бас біріктіріп, бірлігі мен ынтымағын паш етеді. Ал түрі мен түсі, тілі мен дініне қарай бөлінбейтін, бірін бірі құрметтей білетін елдің болашағы қашанда баянды.

  Бүгінде біздің еліміздің алдында зор мндет тұр. Ол— Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына енуі. Осынау абыройлы міндетті орындауға ауызбіршілігіміз, елжандылығымыз арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан ұлтты ұйыстырып, жеткен табыстарымызды көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Ал Наурыз мейрамы—осындай достықты берік сақтаудың бір тетігі іспетті.

  Ғасырлар бойы ұмытылмай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көгарайлы көктемнің шұғылалы мерекесі құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ырыс-несібе, бақ-береке, ақ мол болсын, ізгілік шуағы әр отбасына жақсылық, қуаныш әкелуіне тілектеспін.

 Маңғыстау облысының әкімі  Е.ТОҒЖАНОВ.   

 


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы