Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстауда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,1%

26.03.2018
15:45:53
888

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде бірнеше өзекті мәселе қаралды.

  Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындыларын облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Гүлзайда Төлеуғалиева баяндады.  Облыстағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,1%.Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 50,8 %. 

  «Маңғыстау ауданындағы 6 көше және 15 шағынауданға, Түпқараған ауданындағы 1 көшеге, Бейнеу ауданындағы 3 көше және 1 даңғылға облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысы берілді. Сонымен қатар, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Маңғыстау ауданындағы 1 білім беру мекемесіне атау беру жөніндегі құжаттар ұсынылды», - деді облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Гүлзайда Төлеуғалиева.

  Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Тілеген Едігеев Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың  2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстарын қорытындылады. 2017 жылы өңдеу Өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі сәйкесінше алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,7% өсіп, 163,3 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста орналасқан негізгі экспорттаушы компаниялар  шығарған өнім көлемі  20,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 64% (12,5 млн. ақш долл. АҚШ) өскен. Маңғыстау облысының кәсіпкерлікті қолдау картасының Екінші бес жылдығында облыс бойынша жалпы сомасы 526,4 млрд. теңге құрайтын 22 жоба енгізілген, жобалар аясында 3 399 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Ағымдағы жылы жалпы сомасы 11,5 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны іске асырып, нәтижесінде  223 жұмыс орнын ашу жоспарланған: «Кабельдер мен трансформаторларды шығаратын зауыт» «Ақтау-ЭнергоМаш» ЖШС (АЭА, 9,1 млрд. теңге); «Полимер пакеттерін шығаратын зауыт құрылысы» ЖШС «Достық Полимер» (АЭА, 295 млн. теңге); «Жиһаз және пластик терезелерді дайындау үшін өндірістік цех» «Битнер А.В.» (Ақтау индустриялық аймағы, 157 млн. теңге); Күн және жел электр станциясын салу, «Best Group HPS» ЖШС (1-кезең, Ақшұқыр ауылы, 1,9 млрд.теңге)», - деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Тілеген Едігеев.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


21.04.2018
14:45:03
535
Ақтауда «Н.Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі, Каспий маңы елдерінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық аспектілері» атты халықаралық…
20.04.2018
10:49:27
656
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркіменстанның Балқан уәлаятына барды.Делегация құрамында құрылыс индустриясы, азық-түлік,…
14.04.2018
01:16:57
1023
Бүгін Астана қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Маңғыстау аңыздары» атты 4 тілде (қазақ,…
12.04.2018
17:34:13
1114
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Космонавтика күні қарсаңында «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК»АҚ вице-президенті, ғарышкер, Халық қаһарманы,…
09.04.2018
17:20:48
1449
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік,…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz