Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
9 мыңнан астам маңғыстаулық сенбілікке қатысты
Добавлено: 31.03.2018
Изменено: 31.03.2018
Просмотров: 1181

Маңғыстауда 17 наурыз бен 30 сәуір аралығында көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту айлығы іс-шарасы облыс көлемінде өтіп жатыр.

31 наурыз күні Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен барлық облыстық және қалалық мемлекеттік мекемелер, аумақтық департаменттер мен инспекциялар, мемлекеттік құқық қорғау органдары, өндірістік кәсіпорындар мен оқу орындары қызметкерлері жаппай сенбілікке шығып, қаланы күл-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды.

17 наурыздан бастап ұйымдастырылған сенбілікке облыс бойынша барлығы 9 808 адам қатысып, 169 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 927 га аумақ тазартылып, барлығы 3 702 тонна қалдық шығарылды. Сонымен қатар, Ақтау қаласы, Түпқараған және Мұнайлы аудандарында барлығы 185 ағаш, Мұнайлы ауданында 10 текше метр жерге гүлзарлар отырғызылды. Ақтау қаласында 60 және Қарақия ауданында 20 орындық қалпына келтірілді.

Алдағы сенбіліктерде ағаш түптерін әктеу, ағаш отырғызу және тағы да басқа тазарту жұмыстары жалғасын табады. Ақтау қаласындағы өткен сенбілікке барлық облыстық жəне қалалық мемлекеттік мекемелер жұмылдырылды. Сонымен қатар жұмысшыларымен жəне техникаларымен қамтамасыз еткен өндірістік кəсіпорындар қатысты. 500-ге жуық сенбілікке қатысушы Кіші Оймаша көлінің маңын тазалады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы