Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда аз қамтылған отбасындағы балаларға 10 велосипед сыйға берілді
Добавлено: 01.04.2018
Изменено: 01.04.2018
Просмотров: 1139

Ақтау қаласында 1 сәуір күні  облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен велошеру  өтті. Шара  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды.

Велоспорт маусымының ашылуына Ақтау қаласының 300-ге жуық тұрғыны қатысты. 35 шағын ауданнан басталған велошеру 15 шағын аудандағы теңіз жағалауында аяқталды.

  «Наурыз айы Елбасының жарлығымен бекітілген Алғыс айту күнінен бастау алады. Облыс тұрғындары үшін бұл мереке бір айға созылды.  Желтоқсан айында басталған «Асар-Жомарт Жүрек» қайырымдылық марафоны осы көктемді жалғасын тапты. Соның аясында Маңғыстау облысындағы 6 300 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 55 млн. теңгеден астам қаржыға  көмек көрсетілді. Бүгін «Асар-Жомарт Жүрек» акциясының қорытындылап, біз баршамаңғыстаулықтардың дәстүрлі және сүйікті спортына айналған веложарыс өткізуді бастаймыз. Өздеріңіз білетіндей, дені саудың – жаны сау! Елбасымыз «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында  «Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару қажет» деген болатын. Сондықтан бүгін мен салауатты өмір салтын насихаттау айының басталуын жариялаймын, оның барысында облыс бойынша спорт түрлерінен жарыстар, турнирлер мен чемпионаттар өткізіледі », - деді Ералы Тоғжанов.

  Сонымен қатар, «Асар» қайырымдылық  акцияның аясында аймақ басшысы әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларға велосипед сыйға тартты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі 


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы