Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында жаңа мешіт ашылды
Добавлено: 03.04.2018
Изменено: 03.04.2018
Просмотров: 998

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовтың қатысуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз облыс активімен кездесу өткізді. Жиынға қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау органы басшылары, облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес мүшелері, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

  Кездесу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ержан хазірет Төлегенұлының «Иманшарт» және «Өсиетнама»  кітаптарының тұсаукесері өтті.

  ««Алтын кездік қын түбінде жатпайды» дегендей, арада қанша жылдар өтсе де Ержан хазіреттің ерен еңбегі еліне жетті, ел хазірет әруағына риясыз ықыластарын жеткізіп, қос еңбекті  қуана қарсы алуда. Көркем кітап болып қолымызға тиіп отырған құнды қолжазбалар ұрпақтың игілігіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа рухани, имани тәрбие құралы ретінде қызмет ете  беретініне сенім мол. Тұсауы кесілгелі тұрған қос кітап – халқына қайта оралған қос қолжазба халықпен бірге жасай бергей! Қуаныш құтты болсын!», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов.

«Осындай жақсы күнімізде өз құндылықтарымызды жаңғыртуға әрекет етейік. Адам деген ұлы атаққа лайықты болған кемел жан болу үшін қандай кемшіліктеріміз болып жатыр деген секілді ой-толғаумен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында үлкен мәселелер көтерілді. Алла Тағала қасиетті құранда «Сендер өздерің өзгермейінше, сендерді қоршаған айнала мен төңіректерің өзгеріске түспейді» деген. Өзіміз өнеге көрсетпей жатып, өзгеден өнеге талап ете алмаймыз. Жұдырықтай ғана жүректі кеңейте алсаң, дүниенің бәрі сыяды. Ал егер оны ой-санаңмен тар етсең, ештеңе де сыймайды. Сондықтан сананы ойланбастан жақсылыққа бағыттауымыз керек. Міне осындай бастама көтеріп жатқан Елбасымызға, оны қостап жатқан елімізге Алланың нұры жаусын! Осы 362 әулиелі жер Маңғыстауға сапарымыз аясында ұлы бабаларымыздың басына барып зиярат еттік. Біз өткенді сыйлаған, көнеге құрмет көрсеткен елміз. Біздің қалыптасқан мектебіміз, өз жолымыз бар. Жақсылар мен ұлылар шыққан жерде бүгін 32-мешіт ашылып жатыр», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Серікбай Ораз.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Серікбай Ораз Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жаңа мешіттің ашылуына қатысты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы