Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау бюджеттің кіріс бөлігін іске асыру нəтижелері бойынша алғашқы орынға шықты

06.04.2018
17:07:03
780

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Ақтау қаласының атқарушы билігінің геоақпараттық картасын таныстыру» мен «Астана-1 ақпараттық жүйесінің 3-кезеңінің іске қосылуын таныстыру» бойынша жиналыс өтті.

Мемлекет басшысының «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан, сондай-ақ «Бес әлеуметтік бастамалардан» туындайтын бірқатар тапсырмаларды алға қойды. Аталмыш нұсқауларды орындау қаржылық қолдауды талап етеді. Осыған байланысты мемлекеттік кіріс органдарына жергілікті бюджеттің кірістерін толықтыру міндеті қойылған.

Ақтау қаласының геоақпараттық картасы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының және салық органдарының жүйелерін біріктіру үшін құрылады. Сол арқылы салық төлеушілердің қызметін бақылап, салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда облыстың барлық деңгейінен түсетін түсімдер 180 млрд. теңгені құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54,5 млрд. теңгеге артық. Бұған дейін бюджеттің кіріс бөлігін іске асырудың нәтижелері бойынша біз республика рейтингісінде соңғы орында тұрсақ, ағымдағы жылдың 1-тоқсанының аяғында 1-орынға жайғастық.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы бюджет түсімінің өсу қарқыны 16 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,4 миллиард теңгеге артық. Мұндай динамика биылға жоспарланған болжамды орындауға ғана емес, оны асыра орындайтынына сенімдімін. Мемлекеттік кіріс басқармасы бұл жұмысты қамтамасыз етуі керек», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес, ағымдағы жылдың 1 сәуірінде еліміздің барлық аумағында «Астана-1» электрондық кедендік декларациялаудың ақпараттық жүйесі енгізілді, бұл Мемлекет басшысының экономикалық секторларды цифрландыру бойынша ағымдағы саясатының элементтерінің бірі.

2017 жылдың 1 қазанынан бастап «Астана-1» жүйесінің бірінші компоненті Қазақстан Республикасының аумағында іске қосылды.

Енді транзиттік декларация берудің орташа уақыты 4-7 минутты құрайды. Бұл бұрынғыға қарағанда сегіз есе жылдам. Ағымдағы жылдың 3 қаңтарында «Астана-1» АЖ  «Тауарлар экспорты» кедендік рәсімімен іске қосылды. Егер бұрын тіркелу кезінде шамамен 2 сағат жұмсалса, қазір тіркеу уақыты 3-5 секундтан аспайды, бұл ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды экспорттау процесін 97% -ға жеделдетті.

«Астана-1» ақпараттық жүйесінің үшінші кезеңіне кіру автоматты түрде тіркелуге ғана емес, сондай-ақ «жасыл» дәлізде декларация шығаруға да мүмкіндік береді, бұл кедендік істер департаменті мен кедендік рәсімдеу маманы арасындағы тікелей байланысты болдырмауға мүмкіндік береді. Жасыл дәліз бойындағы тауарларға декларацияларды өңдеу және шығару уақыты 1 минуттан аспайды. Бұрын мұндай рәсімдер 50 минутқа дейін созылатын», - деді Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Әлібек  Тілегенов.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


21.04.2018
14:45:03
535
Ақтауда «Н.Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі, Каспий маңы елдерінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық аспектілері» атты халықаралық…
20.04.2018
10:49:27
656
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркіменстанның Балқан уәлаятына барды.Делегация құрамында құрылыс индустриясы, азық-түлік,…
14.04.2018
01:16:57
1023
Бүгін Астана қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Маңғыстау аңыздары» атты 4 тілде (қазақ,…
12.04.2018
17:34:13
1114
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Космонавтика күні қарсаңында «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК»АҚ вице-президенті, ғарышкер, Халық қаһарманы,…
09.04.2018
17:20:48
1449
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік,…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz