Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне құттықтауы
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне құттықтауы
Добавлено: 01.05.2018
Изменено: 01.05.2018
Просмотров: 856

Құрметті маңғыстаулықтар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

  Осынау айтулы мейрамды жаңа тұрпатта тойлау қажеттігін, оны еліміздің басты мерекелерінің біріне айналдыру идеясын кезінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев көрегендікпен пайымдап, бұл күндері Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық ұйысу мен ұлтаралық келісімнің тірегіне айналды.

Жыл сайын осы күнді біртұтас халқымыз бекем ынтымақтың ырыс-несібесін еселеген игі дәстүрді жаңғыртар ерекше мейрам ретінде ұйымшылдықпен, ауызбіршілікпен атап өтуде. Атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, бейбітшілік пен достық қарым-қатынаста өмір сүріп жатқандығын мерейлене атап өтеді. Әрбір ауыл мен қала тұрғындарына, үлкенді-кішілі ұжым еңбеккерлеріне мамырдың мамыражай күніндей көтеріңкі көңіл күй, ізгілікті шырай сыйлайтын мерекенің түп қазығы бірлікте!

  «Бірлік болмай тірлік болмас» деген қай заманда да, қай қоғамда да мәнін жоймайтын өнегелі өсиетті мемлекеттік саясаттың мықты бір қағидасы ете білген қазақ халқы тәуелсіздік тұғырын нығайтуда осы табанды ұстаным арқылы ұлтаралық татулыққа ұйытқы бола білді. Қазақстандық қоғамда орныққан тұрақтылық  пен төзімділік, адамгершілік асыл қасиеттер ортақ мақсат жолында ізгі армандардың асуын бағындыруға күш беріп, дамудың жаңа дәуіріне жол ашты.

Баршамызға ортақ шуақты мереке шұғыласын шаша берсін! Бірлігіміз жарасып, бейбіт өмірде бақуатты ғұмыр кешіп, ырыс-несібе, құт-береке мол болсын!

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы