Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды
Добавлено: 01.05.2018
Изменено: 01.05.2018
Просмотров: 1284

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде Маңғыстау облысының тарихындатұңғыш рет Күн сәулесінен электр  қуатын алатын станцияашылды жәнеТеңіз  суын  тұщытатын зауыттың алғашқы тасы қаланды.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстанда теңдесі жоқ жоба – күн сәулесінен электр қуатын алатын станцияның ашылуына қатысты.  Мұнайлы ауданы Батыр ауылында қуаттылығы  2 Мвт күн сәулесінен электр қуатын алатын станцияның жалпы ауданы – 36,05 га, жоба құны – 1,2 млрд теңге. Нысан «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы арқылы қаржыландырылды. Электр станциясын пайдалану үшін 8580 күн панелі орнатылған.Панельдер Қазақстанда отандық кремнийден өндіріледі. Бұл – отандық өндірістегі күн батареяларында жұмыс істейтін тұңғыш электр станция. Жаңа қондырғы 300-ге жуық үйді таза электрмен қамтамасыз етеді.

«2017 жыл –  Қазақстан халқы үшін табысты жыл болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында күллі әлем назарын аударған «Болашақ энергиясы» ұранымен  «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған  көрмесі кең ауқымда аталып өтті. «Болашақ энергиясы» жобасының түпкі мақсаты –  тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылды», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, Құрық  ауылында Теңіз  суын  тұщытатын зауыт құрлысының алғашқы тасы қаланды.  Жоба құны – 39 млрд. теңге. Қуаттылығы тәулігіне 50 000 текше метр болатын зауыт жеке инвесторлардың қаражатымен салынады. Құрылыс кезінде 300 адам, пайдалануға берілген соң 150 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның аяқталу мерзімі  2020 жылға белгіленіп отыр. 

«Бүгінгі мереке күні аясында өңірімізде бірнеше ірі жобалар басталмақ. Құрық ауылында теңіз суын тұщыту зауытының жобалық-іздестіру және құрылыс жұмысын бастаудың орайлы сәті  келді деп есептеймін.Бұған қоса Ақтау, Жаңаөзен, Жетібай, Мұнайшы, Құрық, Шетпе елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету және ауылшаруашылық саласын дамыту мәселесін толықтай шешуге мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы