Маңғыстауда Қостанай облысына ерікті қоныс аудару және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда Қостанай облысына ерікті қоныс аудару және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Добавлено: 03.05.2018
Изменено: 03.05.2018
Просмотров: 1424

Бүгін Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Қостанай облысына ерікті қоныс аудару және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында негізгі басымдық – еңбек нарығын жаңғырту деп атап көрсетті.

«Бүгін міне облысымызға арнайы келіп, өздерінің 1300 астам бос жұмыс орындарын ұсынып, бағдарламаның тетіктерін түсіндіруге, шақыруға келген Қостанай облысының әкім Архимед Бегежанұлына және қонақтарға үлкен рахмет айтамын. Өткен жылы облысымыздан Солтүстік өңірлерге мемлекеттік қолдау шараларының көмегімен 20 отбасы 76 адам  қоныс аударды. (оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына - 16, Павлодар облысына - 16, Шығыс Қазақстан облысына - 25, Қостанай облысына – 19). Сондай-ақ ағымдағы жылдың ақпан айында облыстың аудандары мен қалаларында  Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілері мен аудандық әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен ерікті қоныс аудару және бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Жәрмеңке барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, ол қоныс аударуға ниетті азаматтарға өңірдегі бос жұмыс орындарын ұсынды.

«2018 жылы Қостанай облысы бойынша 1365 маманға сұраныс бар: агроном - 60, жүргізуші – 146, ветеринар– 56, бала бақша тәрбиешісі – 135, аула сыпырушы – 65, жүк тасушы -47, механизатор – 259, күзетші – 66, қара жұмысшы – 192, дәнекерлеуші – 100, құрылысшы – 63, тракторист – 98, дәнекерлеуші - 154 және т.б. Бұған дейін шақырылған мамандарды 1орналастырдық. Бірлескен жұмыстар өз нәтижесін беруде», -  деді Архимед Бегежанұлы.

Жаңаөзен қаласында өткен Қостанай облысына ерікті қоныс аудару және бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 300-дей адам қатысып, 20 отбасы (67 адам) қоныс аударуға ниет білдірді.

Ағымдағы жылы ақпан айында облыстың аудандары мен қалаларында Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілері мен аудандық әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 2000-ға жуық бос орындар ұсынылған. Осы шараның нәтижесінде, Солтүстік Қазақстан облысына 23 отбасы, яғни 78 адам; Павлодар облысына 59 отбасы, яғни 202 адам; Костанай облысына 89 отбасы, яғни 333 адам, барлығы 171 отбасы 613 адам көшеміз деп ниет білдірді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы