Ақтау тұрғындары танымал спортшылармен таңғы жаттығу жасады
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтау тұрғындары танымал спортшылармен таңғы жаттығу жасады
Добавлено: 05.05.2018
Изменено: 05.05.2018
Просмотров: 1331

Ақтаулықтар теңіз жағалауында әлем және Олимпиада чемпиондары  - Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Бахтияр Байсеитов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Иманбаев сынды спортшылармен бірге таңғы жаттығу өткізді. 

«Қазақстан Республикасының Президенті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр уақытта Қазақстан халқының дене-шынықтыру мен спортпен айналысуына ерекше көңіл бөледі. Ал осындай облыс көлемінде ұйымдастырылған іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға және халық арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Еліміздің туын биікке көтеріп, әлемге паш етіп танытқан қазақтың батыр ұлдарымен бірге таңғы жаттығу жасау біздер үшін үлкен бақыт. Бүгін арамызда таңғы жаттығу жасауға қатысып отырған жас спортшыларымызға Чемпиондардың жолын берсін», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

 Таңғы жаттығудан кейін облыс тұрғындары мен қонақтары шағын марафонға қатысып, арқан тарту, қол күресі бойынша жарыстарға қатысты. Сондай-ақ, қыздарға арналған би мен спорттық бағдарлама да ұйымдастырылды.

4 мамыр күні Ақтауда Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы