Маңғыстауда 2018 жылдың 4 айы ішінде 38,8 млрд.теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда 2018 жылдың 4 айы ішінде 38,8 млрд.теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді
Добавлено: 14.05.2018
Изменено: 14.05.2018
Просмотров: 1205

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы экономиканың нысаналы өсу индикаторларының атқарылуы, 2018 жылғы 4 айдағы жергілікті бюджеттің игерілуі,2017 – 2018 жылғы жылыту маусымының өту қорытындысы және алдағы жылыту маусымына дайындық туралы мәселелер қаралды.

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылғы қаңтар-сәуір айындағы экономиканың нысаналы өсу индикаторларының атқарылуы туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Халила Нұрғалиева баяндады.

Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,2% құрады (2017 жылғы қаңтар-сәуірде 99,1%). Өнеркәсіп өнімінің көлем индексі – 101,5%, өндірілген өнім – 910,0 млрд. теңге. 2018 жылдың 4 айы ішінде 38,8 млрд.теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді (2017 жылғы қаңтар-сәуірде - 29,2 млрд. теңге).

Кәсіпкерлікті қолдау Картасының шеңберінде ағымдағы жылы жалпы сомасы 11,5 млрд. теңге болатын 4 жоба жоспарланған (жалпы саны 223 жаңа жұмыс орны құрылады): Полимерлік қаптамасын өндіру зауыты;  Жиһаз және пластикалық терезелерді дайындауға арналған өндірістік цех;Кабельдер мен трансформаторлар өндіретін зауыт; Күн және жел электр станциясы. Оның  ішінде Мұнайлы ауданы Батыр ауылында құны 1,2 млрд. теңге болатын қуаттылығы  2 МВт күн және жел электр станциясы құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңа нысан 10 адамды жұмыспен қамтыды. Жиын барысында 2018 жылғы 4 айдағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы Облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 1 мамыр айындағы жағдай бойынша облыстың жергілікті бюджетінің табысы 46,9 млрд. теңгені немесе есепті кезеңде жоспардың 106,1%-ын құрады (жоспар 44,2 млрд. теңге). Сондай-ақ, 4 айдағы облыстық бюджеттің шығыстары 48,7 млрд. теңгеге немесе есепті кезеңде 96,6% орындалды ( жоспар 50,4 млрд. теңге).

«Облыстық бюджетте 189 объектіге арналған жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге және оның құрылыс жұмыстарына қаражат қарастырылды (Республикалық бюджет - 21, жергілікті бюджет - 168), оның ішінде: 2017 жылдан 2018 жылға өткен 133 нысан және 56 жаңа нысан.Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша. 53 объектіге конкурс жарияланды. Тек 32 нысанның нәтижелері жинақталып, 9 нысан комиссия қарауында», - деді Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова.

Сонымен қатар, 2017-2018 жылғы жылыту маусымының өту қорытындысы және алдағы жылыту маусымына дайындық туралы  Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков баяндама жасады.

Алдағы жылыту маусымының орнықты өтуі үшін жергілікті бюджеттен 1,089 млрд.теңге қарастырылды.

 ««МРЭК» АҚ және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында 6,3 млрд.теңге қаралды:

- Каспий энергетикалық ХАБы» сыртқы инфрақұрылым құрылысы щеңберінде кернеуі 110 кВ электр тарату желісін және 110/10 кВ ҚС 2 қосалқы станциясын салу – 5,1 млрд.теңге;

- Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы аудандарындағы елдімекендерді газдандыру бойынша 9 жобаны іске асыру – 1,2 млрд.теңге;Атқарылатын жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі және үнемі қатаң бақылауда болады», - деді Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы