Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына 15 жыл
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына 15 жыл
Добавлено: 17.05.2018
Изменено: 17.05.2018
Просмотров: 830

Биыл Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық  музыкалық драма театрынының құрылғанына  15 жыл. Театр ұжымы айтулы мерекеге орай, арнайы концерт ұйымдастырып, жаңа маусымдық бағдарламасын көрермен назарына ұсынды. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Театр әлемі» атты шараға қатысып, шығармашылық топтың өкілдерін құттықтады. 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов: «Театр ұжымының облыстық, республикалық деңгейдегі қоғамдық, мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысып, көптеген байқаудан жүлдемен оралып жүргеніне бәріміз куәміз. Бұл сөз жоқ, ұжымның ынтымағы мен жоғары ізденісінің айғағы. Театр осылайша әр қырынан өсу, өрлеу үстінде. Биыл қыркүйек айында Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Жантөриннің туғанына 90 жыл толуына арналған Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалін өткізу жоспарлануда. Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асыру жоспарланып отырған жобалар  ұйымшыл ұжымның  тың серпіліс үлгісін көрсетіп, көрерменнің рухани қазынасын молайтуға сүбелі үлес қосатынына сенімім мол!»

 Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырмасымен 2003 жылы іргесі қаланған қара шаңырақтың ұжымы өткен он бес жыл ішінде  әлем және қазақ классиктерінің 72 спектаклін сәтті сахналап, көрермен көңілінің таразысына ұсынды. Жастыққа тән талмас талап, тың ізденістерінің арқасында кәсіби шеберлігі шыңдалып, республикадағы үздік үштікке кіретін өнер ордасының біріне айналып отыр.

Осы уақыт ішінде театрдың талантты ұжымы Халықаралық және Республикалық сахна сайыстарында оннан аса бас жүлделер мен атаулы  сыйлықтарға ие болды. Жекелеген  өнер иелері де  кәсіби жоғары шеберліктері  мен  жетістіктері үшін мемлекеттік марапаттар мен театр сыйлықтарына ие болып, мерейлері өсуде.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы