Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстаудағы туристік жерлерге бірнеше елден шетелдік журналистер келді

28.05.2018
18:49:10
1839

Маңғыстау облысында «Ғаламдық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын насихаттау аясында «мәдени» баспасөз туры өтті.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында атап өткендей:
 «Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз».

Испания, Италия, АҚШ, Қытай, Египет, Ұлыбритания, Франциядан келген 15 журналист сапардың бірінші күні Маңғыстаудың туристік жерлері - «Бекет ата» және «Шопан ата» жерасты мешіттеріне барды. Журналистер сапар қорытындысы бойынша, өздерінің әсерлерімен бөлісті.

Мысалы, Ұлыбританиялық репортер Мариола Федорчук айтуынша  жергелікті жерлеудің Қытай және  Жапониямен  ұқсастығы бар екенін айтты.

Сондай-ақ, Шопан Ата қорымының ертедегі жерлеуін Словениямен  салыстырды. Қытайдан келген журналист Чен Руи Маңғыстау жерінде қазақ халқының өзіне тән бай мәдениеті мен дәстүрі кеңінен сақталғанын атап өтті.

"Бұл аймақ тарихи орындарға, аңыз – мұраларға өте бай екенін   
өз көзімізбен көріп таңғалдық,  осындай мүмкіндікке ие болғанымызға сіздерге үлкен рахметімізді айтамыз. Жергілікті адамдардың ерекше қонақжайлығын атап өткіміз келеді. Қазақстандағыдай  қонақжайлылықты ешқашан еш жерде көрмедік десек  артық кетпес.  Сондай-ақ, бір айта кететінім шетелдік туристерді, әсіресе Еуропалық туристреді  ең алдымен елдің ішкі әлемі сонымен қатар  ерекше мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары қызықтырады. Сол қызықтардың барлығын осы өңірден көре алдық деуге болады.  Ерекше әрі бай табиғатын, қызықты орындары мен тарихын сақтап сіздерге деген қызығушылығымыз зор», - деді Франциялық журналист Изабель Моран.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен жетістіктерін және орта шағын бизнестің дамуы  туралы айтты. Өңір басшысына  Қазақстанның және Маңғыстаудың бірегей мәдениетін сақтау  және туристік әлеуетті дамыту  туралы сұрақ қойылды.
«Облыстағы туризмді дамыту мақсатында  кафе мен санитарлық аймақтары бар 10 визит орталықтарын салуды жоспарлап отырмыз,  оның ішінде экскурсиялық және көрме орталығы, сыйлық, ұлттық өнімдер дүкендері болады.  Өзбекстан шекарасына  дейін 85 шақырым жол құрылысы жүріп жатыр. Жолдың  ұзақтығы бойынша туристерге қажетті барлық қолайлы жағдайды ұйымдастыру бойынша   орталықтар салынады. Кеше сіздер Бекет Ата мен Шопан Ата қорымдарын көрдіңіздер.  Бекет ата қорымы тек қана Маңғыстаудың ғана емес, Қазақстанның да  сәулеті ерекше тарихи және архитектуралық ескерткіш. Қазақ халқы әдеп-ғұрыптармен мәдениетті тарихтағы ең қиын кезеңде сақтап қалған ел.  Біздің елімізде өзінің мәдениеті, дәстүрі мен тілін сақтаған 130 өз ұлт өкілдері тұрады. Барлығы бірлік пен тұрақтылықтың  арқасында тату-тәтті ғұмыр кешуде», - деді Ералы Тоғжанов.

Маңғыстау облысы әкімінің  баспасөз қызметі


22.06.2018
12:27:13
103
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Dubai Port World (БАӘ) ірі порт операторының басқарушы директоры Ризван…
21.06.2018
20:21:50
135
Маңғыстау облысы елді мекендерді байланыс желілерімен қамту бойынша көшбасында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Қазақтелеком»…
21.06.2018
17:44:21
192
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов CSI консалтингтік компаниясының мамандарымен кездесеіп, бірлескен жобаның атқару механизмін қарастырды.  Сарапшылар…
20.06.2018
19:03:14
265
Ақтауда мектеп бітіруші жастарға арналған «Жастүлек  –  2018» салтанатты шарасы өтті Облыс әкімі Ералы Тоғжанов…
15.06.2018
23:42:08
677
Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Медициналық қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz