Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда «Нұр-Капитал» бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді
Добавлено: 29.06.2018
Изменено: 29.06.2018
Просмотров: 811

          Бүгін Ақтау қаласында жаңа ұрпаққа арналған ForteBank филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.  Жаңа орталық облыстық филиалдың тұсаукесеріне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили қатысты.

   Салтанатты ашылу рәсімі аясында ForteBank пен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында өңірдің дамуына ықпал жасайтын жобаларды іске асыру, сондай-ақ халыққа сапалы банк қызметтерін көрсету мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

  «Қаржы институттарының арасында ForteBank айрықша орын алып отыр және елдегі ең өтімді әрі тұрақты банктердің бірі болып табылады. Біз ForteBank пен Маңғыстау облысы әкімдігінің өңірдің одан әрі дамуы бойынша ортақ жоспарларының бар екендігіне және тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз, бұл жөнінде бүгін қол қойылған меморандум куәландырып отыр». Сондай-ақ, «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша ортақ жобамыз іске асуда»  – деді ашылу рәсімінде Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар, жиында сөз алған ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили: «ForteBank қаржыландырған «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша субсидиялаудың бірінші шартына қол қою жаңа офистің ашылуындағы ең басты сәттердің біріне айналды. ForteBank елдің ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктерінің бірі болып табылады,  бізге 2 000 000 астам клиент сенеді, біздің 19 филиалымыз бен 100 жуық бөлімшеміз бар. », - деп атап өтті.

  Қазірдің өзінде банк өңірде халыққа және компанияларға қызметтер көрсету бойынша көшбасшы орындарға нық сеніммен шығып келеді. ForteBank облыстық филиалының клиенттері 34 000 астам жеке клиенттер және 3000 жуық кәсіпкерлер болып отыр. ForteBank «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады, ал Маңғыстау облысындағы филиал  бірнеше рет бөлінген қаражаттарды игеру қарқыны бойынша көшбасшы болды. 2017 жылдың қорытындылары бойынша 2,5 млрд. теңге сомаға 28 жобаны қаржыландырды.

Алғашқы болып «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы бойынша 1 пайызбен несие алған  кәсіпкер Асхатжан Ибраев аталмыш бағдарлама жергілікті кәсіпкерлерге үлкен демеу болатынын айтады.

Асхатжан Ибраев, кәсіпкер «Біз Қазақстандағы түйе сүтінің нарығын талдадық және үлкен мөлшерде ешкімнің түйе сүтін алып, өндірмейтіні туралы қорытындыға келдік. Біздің зауыт Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылында орналасқан, біз пастерленген түйе сүті, йогурт, ірімшік, шұбат, айран, қаймақ, шалап, тәтті және басқа да қышқыл сүт өнімдерін шығарамыз. Маңғыстау облысының әкімдігіне біздің облыстың барлық кәсіпкерлері үшін шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мүмкіндіктерге алғыс айтамыз. «АsiaMilk» зауыты түйе сүтін қайта өңдеу үшін 7 жыл ішінде 1% -ға 30 млн теңге несие алды. Түйе сүтін зауыт контейнерінде шетелге экспорттауға мүмкіндік  туып отыр», - деді.

   Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы