Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Облысы әкімі ҰБТ-дан ең жоғарғы бал алған түлектерді қабылдады
Добавлено: 30.06.2018
Изменено: 30.06.2018
Просмотров: 886

Кездесу барысында өңiр басшысы  Ералы  Тоғжанов Маңғыстау облысы бойынша ҰБТ-тан  ең жоғары бал алған мектеп түлектерін құттықтап, жастар үшiн ең маңыздысы — білім алу  екендiгiн атап айтты.

  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар –рухани жаңғыру» мақаласында: «Адами әлеуетті дамытудың ұзақ мерзімді саясатының арқасында біз қазіргі талантты жастардың жаңа буын ұрпағын қалыптастырдық» -деген болатын.

Облыс әкімі өз сөзінде облыс бойынша ең жоғары  136 бал жинаған Маңғыстау ауданы Шетпе гимназиясының түлегі Ерсұлтан Рахметұлын ерекше атап өтіп, түлектерге жылы лебізін білдірді.

   «Ұлттық табысқа, мемлекетті өркениетке жеткізетін білімді елдің болашағы - жастар. Сіздердің алар асуларыңыз, шығар биіктеріңіз әлі алда! Үлкен өмірге басқан қадамдарыңыз құтты болсын! Таңдаған мамандықтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарына түсулеріңізге тілектеспін. Сіздерді осындай дәрежеге жеткізген ата-аналарыңызға, ұстаздарыңызға үлкен рахметімді айтамын. Біз Сіздермен мақтанамыз! Алған білімдеріңіз бен біліктеріңізді, күш жігерлеріңізді Отанымыздың, облысымыздың өркендеп, дамуына жұмсайды деп сенемін» - деп, түлектер мен олардың ата-анасына және мұғалімдерге естелік сыйлықты тарту етті.

  Өз кезегiнде, түлектер облыс басшына ризашылығын бiлдiрiп, өз жетiстiктерi, алдағы жоспарлары туралы айтып бердi. 

  Ержан Жанжігітов – Маңғыстау ауданы Шетпе гимназиясының түлегі, «Алтын белгі» иегері. Сынып жетекшісі - Байназарова Қама Асылбекқызы, математика пәнінің мұғалімі.

Ерсұлтан Рахметұлы-Жаңаөзен лицейінің түлегі, тарихтан қалалық олимпиадалардың жүлдегері. Сынып жетекшісі – Менкеева Шынар Жандырбайқызы, география пәнінің мұғалімі.

Биыл Маңғыстау облысы бойынша ҰБТ-ға 4167 түлектің 4123-і қатысты, 844 бала 100 балдан жоғары ұпай жинады. Облыс бойынша үздік нәтиже көрсеткен 10 мектеп: Жаңаөзен лицейі, Шетпе гимназиясы, Жаңаөзен гимназиясы,Мұнайлы ауданы Қызылтөбе лицейі,  Жаңаөзен қаласының №19 мектебі, Бейнеу гимназиясы, Жаңаөзен қаласының №8 мектебі, Ақтау қаласынының № 11 мамандандырылған физика-математика мектебі, жаңаөзен қаласының №20 орта мектебі, Жаңаөзен қаласының № 14 орта мектебі.

  Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы