Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Радиациялық апат құрбандарына арналған естелік стелла ашылды
Добавлено: 30.06.2018
Изменено: 30.06.2018
Просмотров: 931

Ақтау қаласында Чернобыль апаты мен басқа да радиациялық апат құрбандарын еске алуға арналған стелла ашылды. Салтанатты жиынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко, Қазақстандағы Украина істеріндегі уақытша сенімді өкілі Владимир Джиджора, Чернобыльдіктер республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары мен төраға орынбасарлары қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Чернобыль апаты бүкіл әлемді атомды бейбіт мақсатта пайдаланудағы қауіпсіздік мәселесімен шындап айналысуға мәжбүр еткен әрекеттің бастауына айналды және бұл сынақтардың салдарлары әлі де ұзақ уақыт сезіледі деген болатын. Адамзатқа қауіп төндірген апат мыңдаған жаның жүрегін әлі де сыздатып келеді. Осы орайда өңір басшысы Ералы Тоғжанов 20 ғасырдың ауыр зардабынан сабақ алып, радиациялық апат құрбандарын естен шығармауға шақырды.

Семей ядролық сынақ полигоны әлемдегі ең үлкен полигон. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы онда 456 ядролық жарылыс жасалды, оның әрекет ету жиынтығы 116 Чернобыльға тең саналады.

Шара барысында қасиетті Маңғыстау жерінде бой көтерген естелік стеллаға Черноболь потырағы салынды.Жиналғандар радиациялық апат құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Маңғыстау облысы әкімінің  баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы