ОБЛЫСТА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫ 10,6%-ға ТӨМЕНДЕДІ
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
ОБЛЫСТА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫ 10,6%-ға ТӨМЕНДЕДІ
Добавлено: 30.07.2018
Изменено: 30.07.2018
Просмотров: 1150

ОБЛЫСТА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫ 10,6%-ға ТӨМЕНДЕДІ

  Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы денсаулық сақтау жүйесінің қорытындылары туралы алқа  отырысына қатысты. Күн тәртібінде жыл басынан бергі денсаулық сақтау жүйесінің жұмыстары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының қызметі, облыстағы эпидемиологиялық жағдай мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау мәселелері талқыланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғатбек Бәпиев 2018 жылдың бірінші жартысында денсаулық сақтау жүйесінің қорытындылары туралы баяндады. 2018 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша туу көрсеткіші – 20,7 (2017 жылы – 20,97).  Кейбір әлеуметтік мәні бар аурулар азайған. Қан тамырлар жүйесі ауруларынан  өлім көрсеткіші 20,1 -ді құрап (2017 жылы 24,2),  5,2%-ға азайды.

-Қатерлі аурулардан болатын өлім 100 мың адамға шаққанда 54,8-ді құрап,  (2017 ж. 55,4) 1,1%-ға төмендеді. Туберкулез аурушаңдығы  10,6%-ға төмендеді, 2017 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 100 мың халыққа шаққанда 33,9-дан 30,3-ке азайды. Сондай-ақ, туберкулез ауруынан  өлім көрсеткіші төмендеді, облыс бойынша 26,7%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 1,5 тен 1,1-ге түсті. Есеп кезеңінде, Бейнеу ауданы әкімдігінен басқа, қала  және аудан  әкімдіктері  тарапынан  туберкулезбен ауыратын  228  науқасқа  13 132 792 теңге  қаражат бөлініп, әлеуметтік  қолдау көрсетілді, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғатбек Бәпиев.

Интернет желісінің қолжетімділігі бойынша 90 денсаулық сақтау объектілірінің барлығы интернет желісіне қосылған. 2572 жұмыс орны 97% компьютерлік  техникамен жабдықталды.Медициналық ақпараттық жүйесімен 98,8 % қамтылды.

Сондай-ақ, алқа отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының қызметі туралы да айтылды.

-Филиал 55 медицина мекемелерімен 21 124 715 мың теңгеге 109 келісім шарт жасасты. Медицина мекемелерінің 24-і яғни 43,6% – жеке ұйымдар. 2017 жылмен салыстырғанда медицина мекемелерінің саны (47) 8-ге артты, яғни 14,5% өсті. Олардың бәріде жекеменшік, өсу мөлшері 50% құрайды. Маңғыстау облысында  2018 жылдың  6 айының  қорытындысы бойынша егуден бас тартқандар саны – 873 бала  (2017 ж. 6 айы  1016, яғни  143 адамға азайған).

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы