Маңғыстауда халықаралық «ТENIZ-2018» оқу-жаттығуы басталды
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда халықаралық «ТENIZ-2018» оқу-жаттығуы басталды
Добавлено: 02.08.2018
Изменено: 02.08.2018
Просмотров: 1165

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық «ТENIZ-2018» кешенді оқу-жаттығуының ашылу салтанатына қатысты. Оқу-жаттығу Каспий маңы елдерінің мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін V саммит қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр. Екі күн аясында Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Түркіменстан мемлекеттерінің құтқару қызметтері оқу-жаттығу өткізіп, Каспий теңізі акваториясында сондай-ақ, Каспий маңы мемлекеттері аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуы кезінде қалай әрекет ету керектігін меңгеріп, тәжірибе алмасады.

Оқу-жаттығудың мақсаты – Каспий маңы елдері құтқару қызметтері, жағалау күзеті мен мемлекеттік мекемелердің төтенше жағдайларда бірігіп тойтарыс беру арқылы қарым-қатынасын нығайту. Сондай-ақ, көк айдынды жағалай орналасқан елдердің құтқару қызметтері арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту болып табылады.

«Маңғыстау облысында Ақтау порты мен Баутин порты қарқынды түрде дамуда. 2016 жылы Құрық портында паром кешені іске қосылды. Бұл өз кезегінде транскаспий халықаралық көлік-логистика дәлізіндегі маңызды байланыс болып табылады. Бұдан бөлек, Каспий теңізінде «Қашаған» ірі мұнай-газ кен орны бар. Бұл теңіздегі шұғыл қызметтердің рөлі ерекше екендігін айқындайды. Жыл сайын теңіз порттары арқылы 12,5 млн тонна жүк тасымалданады. Негізі басымдық мұнай, металл, бидай, контейнерлерге беріледі. Ақтау порты жүк тасымалында ерекше рөл атқарса, Баутин порты мұнай операцияларын өткізуге машықтанған. Сондықтан теңіздегі қауіпсіздік мәселесі жіті назарда болуы шарт. Біз теңізде орын алатын түрлі оқыс жағдайда бірігіп жұмыс жасап, кәсіби тұрғыда шыңдалу керекпіз», деді шарада сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Оқу-жаттығу екі кезең бойынша өткізіледі. Алғашқы кезеңде Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Түркіменстан елдері құтқару қызметінен жасақталған командалар төтенше жағдайда қалай әрекет етуді меңгерсе, екінші кезеңде Каспий теңізінде кемелердің соқтығысуы кезінде қалай әрекет ету керек, кемеде болған өрт кезінде адамдарды құтқару, қызыл жалынмен дер кезінде күресуді, химиялық қауіпті заттарды жоюды, бұрғылау қондырғысындағы өртті жоюды және су тасқыны кезінде адамдарды құтқаруды меңгереді.

 Оқу-жаттығуға 500-ден астам өрт сөндірушілер, құтқарушылар, 78 арнайы техника, БЕ-200 ұшағы, 7 тікұшақ, 4 теңіз кемесі, 7 құтқару қайығы,  өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

Сондай-ақ, екінші кезеңде құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы