Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Қадірлі маңғыстаулықтар!
Добавлено: 21.08.2018
Изменено: 21.08.2018
Просмотров: 639

Тәуелсіздігімізбен бірге түлеп, халқымызға қайтып оралған дәстүрлі дініміз исламның  қасиетті қос мерекесінің бірі—Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Бұл мереке—ата-бабаларымыз ұстанып келе жатқан ислам дінінің сан ғасырлар бойғы игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, ізгілік пен мейірімділіктің көрінісі, елдің береке-бірлігін бекемдеп, қанағат пен қайырымдылықты арттыруға құлшындыратын мейрам. Осынау мереке күндері құрбан шалып, оны тарату сияқты игілікті істер шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдыққа үндейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында елімізді мекендеген барша халықтар діні мен тіліндегі айырмашылықтарға қарамастан өз салт-дәстүрлерін ұстанып, тату-тәтті өмір сүруде. Дүние жүзінің алуан діндерінің өкілдері біздің елімізде бас қосып, дінаралық мәселелерін шешіп, бейбітшіліктің тұрақты болуына елеулі үлес қосуда.

«Мәңгілік ел» идеясымен жігерленіп, рухани жаңғыру жолына түскен баршамыздың мақсат-мұратымыз бір. Ол–береке-бірлік, ауызбіршілік. Әлемдік аренада өзіндік орыны бар мемлекетіміздің іргесі беки түсуі үшін бұл құндылықтардың рөлі зор.

Алла тағала баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын, ағайын! Қасиетті Құрбан айт мерекесі ынтымағымызды нығайта берсін. Әр шаңыраққа бақыт пен аманшылық тілеймін.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы ТОҒЖАНОВ


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы