Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
МЕККЕ: ҚАЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ
Добавлено: 20.08.2018
Изменено: 22.08.2018
Просмотров: 1740

Мекке шаһарында қажылық сапарын ұйымдастыру-үйлестіру  жұмыстарына қатысты арнайы алқалы жиын өтті. Жиналысқа Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Т. Шалданбай, ҚМДБ Аппарат басшысы, миссия төраға орынбасары Ғ. Мəжиев, Қоғамдық даму министрлігінің өкілі Б. Дүйсебаев, қажылық компанияларының жетекшілері, жолбасшы (гид) мамандар, имамдар қатысты.

Жиында дәрігердің жұмысы, жолбасшы (гид) мамандардың қызметі, қонақүйлерде санитарлық талаптардың сақталуы, қажыларға түсіндірме жұмыстардың жүргізілуі, діни рәсімдердің дұрыс орындалуы, азаматтардың денсаулығы, жол-көлік қауіпсіздігі, т.б. мәселелер кеңінен талқыланды. 

Ресми жиналысты ашқан наиб мүфти, Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан қажы Әбдірашұлы фирма жетекшілеріне мүфтият пен Қажылық министрлігінің талаптарын ыждаһаттылықпен орындау қажеттігін жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған Жидда қаласының Бас консулы Талғат Рақымқұлұлы қажылық сапарының ұйымдастыру жұмыстарына елшілік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Ал ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы фирма жетекшілері мен имамдарға дәстүрлі емес діни көзқарастағы тұлғалардың уағыз айтуына жол бермеуді тапсырды.

Қоғамдық даму министрлігінің өкілі Бақытжан Дүйсебаев та уәкілетті орган тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Жиын соңында Қажылық миссия басшылары фирма жетекшілері мен имамдарға тиісті тапсырмалар берді.

Дереккөз: muftyat.kz

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы