Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтауда КСРО еңбек сіңірген мұнайшысы, ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері Сафи Өтебайұлына арналған ескерткіш ашылды.
Добавлено: 31.08.2018
Изменено: 31.08.2018
Просмотров: 1487

Салтанатты ашылу рәсіміне  Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев, облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов,  Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мұнай саласының ардагерлері,  мұнайшылар және Сафи Өтебайұлының балалары қатысты.

Мерекелік шарада сөз сөйлеген Мақсат Сқақов ҚР Конституциясы күні және мұнай - газ кешені қызметкерлерін өңір басшысы Ералы Тоғжановтың атынан құттықтап,  Маңғыстау мұнайы тарихының дамуына өзіндік үлесін қосқан ардагер мұнайшыларға алғыс білдірді.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мұнай әлемдік жаһандық экономиканың басты ресурсы бола тұра  біздің өркениетіміздің  энергетикалық негізіне айналады», - деген болатын.

Бүгінде Қазақстанның мұнай-газ кешені қарқынды дами отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің берік іргетасына, қозғаушы күшіне айналды. Сондықтан Қазақстанның дербес ел болып қалыптасуына маңғыстаулық мұнайшылар өлшеусіз үлес қосты. Алғашқы қазақ инженер - мұнайшысы, Қазақстанағы мұнай индустриясын ұйымдастырушылардың бірі, «Алтын кенші», шексіз талант иесі Сафи Өтебайұлының жүріп өткен сарабдал жолы мен мұнай саласындағы қажырлы еңбегінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі мол.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында Қазақстанның барлық мұнайы және газ конденсатының 25%  өндіріледі. Бұл 18 млн. тоннадан астам шикі мұнай мен 3 млрд.  текше метрден астам табиғи газ. 

  Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы