Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысындағы кәсіпкерліктің да­муы, болашағы және мүмкіндіктері

17.05.2017
10:58:35
513

17 мамыр күні  Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев аймақтың бизнес қауымдастығымен кездесіп, көкейтесті мәселелерді қозғап, жергілікті кәсіпкерлердің сауалдары мен ұсыныстарын тыңдады.

Алдымен отандық кәсіпкерлікті дамытып жүрген облыстық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асырылған  жобалардың көрмесін аралады. Оның ішінде балабақшалар, мал базары мен мал сою цехы, ауыз суды өндіру және бөтелкелеу, мейманхана­лар, той-думан ұйымдастырар ұйымдар, азық-түлік дүкендері, тігін цехтары, жуғыш құралдарының өндірісі секілді кәсіпкерліктің салалары ұсынылып, олардың палатадан алған қолдауы, қаржысы, құрылар жұмыс көздері, отандық нарықтағы мүмкіндіктері, өндірістік қуаты және халыққа берер пайдасы туралы  таныстырылды.

Содан соң республикалық палата төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев пен облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің кеңейтілген отыры­сы өтті. Онда аймақтағы кәсіпкерліктің да­муы, болашағы, мүмкіндіктері және өзекті мәселелері талқыланды.

– «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басты мақсаты – билік пен бизнес арасындағы байланысты бекітіп, сындарлы диалог құру. Билік және құқық қорғау органдарымен, бас прокуратурамен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігімен белсенді түрде бірлесе жұмыс істейміз. Себебі, кәсібінен нәсібін теріп жүрген азаматтардың құқығын, мүддесін қорғау да біздің міндетімізге кіреді. Барлық жұмыстар кәсіпкерлердің ісіне ілгерілеу­шілік, өніміне өріс беру мақсатында жасалуда. Онымен қоса үкімет және бас проку­ратурамен тізе қосып, кәсіпкерлер құқығына қатысты заңнамаға ұсыныстарымызды енгізіп жатырмыз. Және кәсіпкерлік ісі­не қатысты талаптар, бақылау-қадағалау қызметтер санын азайту көзделген. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы жүзеге асы­рылып, өз нәтижесін беретініне сенемін. Ал үкіметтің қалған бақылау-қадағалау қызметтері кәсіпкерліктің ісіне кедергі емес, қайта өркендеуіне үлес қосатын бо­луын қарастырамыз, – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Сондай-ақ Тимур Құлыбаев  ішкі ту­ризмді дамыту қажеттігін айтты. «Ақтаудың бас байлығы әрі көркі – теңіз. Осы теңіз арқылыішкі туризмді дамытуға барлық мүмкіндік бар. Маңғыстау тарихи әрі көне ескерткіштерге толы. Табиғаты да көз тартарлық. Аймақтың туризмді өркендетуге әлеуеті жеткілікті. Туризм жұмыс орын­дарын құруға жәрдем береді. Елімізде демалуға, емделуге барлық жағдай жаса­лып, қолжетімді бағалар ұсынылып, сервисі үздік, жабдығы озық болса, халық ел асып, шетелге кетпейді. Сондықтан жағдай жасап, жұмыс істейік»,-деп қосты ол.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов палата ісін енді бастаған кәсіпкерлерге аяғына нық тұруға, кезіккен кедергілерден өтуге көмектесетінін айтып, кәсіпкерлік арқылы жергілікті тұрғындарды еңбекке тарту, көптеп жұмыс көздерін ашу қажеттігіне тоқталды. Онымен қоса өңірдегі бизнес ортаның жағдайымен етене таныстырып, бизнесмендердің өңір дамуына септігін тигізетін жобалары болса, әкімшілік тарапынан мықты қолдау болатынын жеткізді.

Жиында қатысушылар толғандырған са­уалдарын қойып, ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Кеңейтілген отырыс соңында республикалық ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев:

– Отандық өнім шығарушы кәсіпкерлердің сұрақтары, пайымды пікірлері мен ұтымды ұсыныстары – жергілікті биз­нес ортаның жағдайын көрсетеді деп ойлаймын. Мен билік пен бизнес ортасында құралға, көпірге айналған өңірлік кеңеске алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге бизнестің буынын бекітіп, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейте беруге тілектеспін, – деп сөзін қорытындылады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


26.07.2017
22:30:13
11
   Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов алғаш рет бір топ…
26.07.2017
14:38:32
17
   Облыс әкімдігінің ғимаратында «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов Дүниежүзілік…
21.07.2017
14:47:54
282
Бүгін облыстық маслихаттың кезекті 10-шы сессиясы өтті. Сессияда аймақтағы туризмді дамыту мәселесі талқыланды.    Маңғыстау…
21.07.2017
20:27:25
304
   Маңғыстау облысының әкімі, «Нұр Отан» филиалының төрағасы Ералы Тоғжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.…
20.07.2017
15:11:05
239
Маңғыстау облысы әкімшілігінде аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Астана банкінің өкілдерімен кездесті. Кездесуде банктің Ақтау және…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz