Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстауда сандық экономикаға мамандарды даярлау сәтті аяқталды

09.10.2017
18:13:38
552

Бүгін облыстық әкімдікте өңір басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. 

Мәселен, 2016-2019 жылдарға арналған ҚРДенсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жармаева баяндама жасады. Статистикаға сүйенсек, облыста балалар өлімі 20,5%-ға азайған. Яғни, ағымдағы жылдың 9 айы бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, өкпе ауруы - 2,5%-ға, жазатайым оқиғалар мен жарақаттардан - 9,7%-ға, қатерлі ісіктерден - 5,2%-ға, қан айналым ауруларынан - 1,6%-ға төмендеген. Сонымен қатар, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу аясында 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс берушілердің және жеке кәсіпкерлердің жарналары төленді – деді басқарма басшысының орынбасары. Биылғы жылдың  14 қыркүйектегі жағдай бойынша 372,2 млн. теңге алынды, оның ішінде жұмыс беруші жарналарының үлесі 92% (343,5 млн. теңге) Жеке кәсіпкерлерге тиесілі жарналарының үлесі - 8% (28,7 млн. теңге).

Алқалы жиында кеңінен талқыланған тағы бір тақырып -  «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-тармағы. Яғни,  әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының міндетін атқарушы Қарашаш Нұрмамедованың айтуынша, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы және мемлекеттік атаулы көмек, 4 және одан да көп балалы отбасыларға берілетін кәмелетке толмаған жәрдемақы біріктіріліп жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесін 2018 жылдан бастап енгізу көзделіп отыр.

Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова өңірде сандық экономикаға мамандарды даярлау және қайта даярлау туралы мағлұмат берді. Биылғы оқу жылынан бастап жаңартылған білім мазмұнымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні 5 сыныптан бастап барлық мектептерде енгізілді. Облыстың 60 мектебінде «Робототехника» элективтік курсы өткізіледі. 2016-2017 жылдары информатика пәнінің 198 мұғалімі робототехника біліктілігі бойынша «НЗМ» ДББҰ-ың педагогикалық шеберлік орталығында және «Өрлеу ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ-ың Маңғыстау облысы бойынша филиалында қысқа мерзімді курстарынан оқып шықты. 2016 мұғалім деңгейлік курстар аясында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында біліктіліктерін арттырды.

Сондай-ақ, облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын қарау туралы құжаттама және бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Гульмира Чокудаева айтты.  

Жиын соңында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов тиісті мемлекеттік органдар басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


17.10.2017
15:38:00
197
Бүгін Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Бекмұрат Жүсіпов журналистермен кездесу өткізді. Онда…
16.10.2017
14:02:43
376
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Біріккен Араб Әмірлігінен келген (БАӘ) Шейх Сурур бин Мұхаммед әл-Нахайян мен…
16.10.2017
12:31:58
313
Бүгін облыстық әкімдікте өңір басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.   Алғашқы болып Маңғыстау…
13.10.2017
12:03:03
582
Биыл Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданының құрылғанына 25 жыл. Аудан орталығы - Форт-Шевченко қаласы. Түпқараған ауданына…
13.10.2017
11:51:02
542
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен Аракс кемесіндегі мұнай қалдықтарын тазарту жұмыстары басталды. Айта кетейік,…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz