Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Маңғыстауда әлеуметтік-мұқтаж отбасыларға 25 метрлік дастархан жайылды

28.10.2016
21:04:04
0

Бүгін «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы, «Қайырымдылық керуені» жалпы ұлттық акциясының аясында «Бірге өмір сүру өнері» атты этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының және ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен фестиваль өтті. Фестиваль аясында этномәдени бірлестік мүшелері, орта және шағын кәсіпкерлер мен қала тұрғындары арасында алдын ала дайындалған 25 метрлік дастарханға қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі бауырсақ түрлерінен көрме ұйымдастырылды.

- Фестивальдің мақсаты - қазақ халқының салт-дәстүрін қайта жаңғырту және насихаттау. Тұрғындардың адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау, этносаралық және дінаралық қарым-қатынасты нығайту, халықты ынтымаққа, қоғаммен түсіністік пен бірлікте өмір сүруге шақыру. Тұрғындар мен жастарды мұқтаж жандардың күйіне немқұрайлылықпен қарамауға, қайырымдылық жасап, көмек қолын созуға тарту. Аз қамтылған отбасыларға бауырсақтарды таратып, қөңілдеріне нұр сыйлау,- деді Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина.

Көрмеге этномәдени бірлестік өкілдері, кәсіпкерлер және қала тұрғындары ат салысты. Қатысушылар өз фантазиясынан туған идеяға сүйеніп, бауырсақтан әр түрлі әсем пішіндер жасады. Киіз үй, пирамида, кеменің мүсіндерімен қатар, ЭКСПО-ға байланысты пішіндер де жасап, көрменің көркін аша түсті. Сондай-ақ, бауырсақтардың дәмі де бір-біріне ұқсамайтын, өз әдістерімен дайындалған. Сонымен қатар, фестивальда қолөнер көрмесі де болды. Этномәдени бірлестік өкілдері мен қала тұрғындарынан құралған 6 қатысушы қолөнер бұйымдарымен таныстырды. Фестиваль көрмелермен ғана шектелмей, әсем ән мен биге ұласты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бірге өмір сүру өнері – біздің ең құнды тәжірибеміз және оны сақтауымыз керек. Осы қарым-қатынасымызды сақтап, дамытуға тиіспіз», - деген. Президенттің бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау мақсатында, «Мейірімділік керуені» патриоттық акті, Қазақстанның бірегейлігі мен бірлігін нығайту және дамытуда «Мәңгілік ел» сияқты қайырымдылық акциялары негізінде «Бірге өмір сүру өнері» фестивалін өткізу әр этнос өкілдерінің басын қосып, жақындата түседі, сыйластық пен ынтымақты дамытады.

Іс-шара соңында арнайы шақырылған қонақтар үздік қатысушыларға марапаттар мен алғыс хаттар табыстады. Пісірілген бауырсақтар аз

қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға таратылды. Тағы бір қайырымды іс жасалып, акция міндеті орындалды.


Соңғы жаңарту : 2016-10-28 21:04:04

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz