Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Ақтау қаласында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа ғимаратының ашылды

16.11.2016
11:39:15
0

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын және Ұлттық валюта күнін атап өту аясында Ақтау қаласының 32 шағынауданында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болды. Қызыл лентаны Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев  және Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әлібек Тілегенов  кесті.

Жаңа ғимарат салықтық әкімшіліктендірудің тиімділігін арттыру, салық төлеушілерге көрсетілетін қызметтің сапасын және көрсетілетін қызмет мәдениетін арттыру, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында салынған болатын.  Алты қабатты жаңа ғимараттың аумағы 12600 шаршы метрді құрайды. Мұнда көлік автотұрағы да көзделген.

Сонымен бірге, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев барлық жағдайы жасалған операциялық залы бар  жаңа ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының жұмысымен танысты. Мұнда азаматтарды қабылдайтын 58 терезе бар. Күту залы, құжаттарды толтыру үшін  жабдықталған орындар, ақпаратты стендтерде жасақталған. Сондай-ақ, жаңа ғимаратта келушілерге геосалықтық картаға және «Қазынашылықтан түсетін деректер бойынша салықтық түсімдер» порталына кіруге мүмкіндік бар.

Геосалықтық карта қаланың салық төлеушілерінің қызмет түрлері, салық төлемі, берешегі және басқа да ақпарат бойынша салықтық бағыттаушы болып табылады.  Екінші жаңалық – «Қазынашылықтан түсетін деректер бойынша салықтық түсімдер» порталы бойынша күнделікті түсімдерді және басқа да төлемдерді жылдың басынан бюджеттік сыныптаманың әрбір кодын  көріп отыруға болады.

Мерекенің соңы Қаржыгерлер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға жалғасты. Шара барысында Алик Айдарбаев  аймақтың бюджет саласына қосқан орасан зор үлесі үшін мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне және қаржы саласының ардагерлеріне алғыс хаттар мен грамоталар табыстады.


 Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Соңғы жаңарту : 2016-11-16 11:39:15

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz