Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА «МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАСТАР АКЦИЯСЫ ӨТТІ

17.11.2016
15:32:29
0

17 қараша күні Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті.

Маңғыстау облысы Атырау облысынан қабылдап алған кезекті эстафетаны жалғастырды.

Ол екі кезеңнен тұрды.  Бірінші кезеңі сағат 9.00-де Ынтымақ алаңында бастау алып, акция мүшелері - Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Маңғыстау облысының жастар мәселесінің басқармасы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары және МО ҚХА этномәдени бірлестік өкілдері мен «Жас қанат» жастар ұйымы, жалпы Маңғыстау жастары  - жүргізушілерге  «Менің елім – Мәңгілік ел» деген жазуы бар әуе шарлары мен жүрекшелер таратты.

 Әрі қарай, Ақтау халықаралық әуежайына барып, Атырау-Ақтау бағытынан түскен жолаушыларға дәл осындай кәдесыйлар беріп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Акцияның екінші кезеңінде  «Мәңгілік ел  жастарының  жетістіктері –Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына»- «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» - к 25-летию Независимости  РеспубликиКазахстан»  кітабын табыстау рәсімі болды. Онда Ұлт көшбасшысы атына Маңғыстау облысының жастарының қол жеткізген жетістіктері, өңірлерде  жастарға жасалған қамқорлықтар, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» Патриоттық идеясының біріктіруші  рөлін және өңірлердегі  жастардың ҚР Президенті – Елбасының қолдауын көрсететін үндеулері жазылған.

-Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Елім – Мәңгілік Ел» атты жастар акциясы 4 қарашада Талдықорған өңірінде басталды. Мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын қазақстандық қоғамда, әсіресе жастар арасында  ілгерілету, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына еліміздің барлық аймақтарындағы жастардың  қосқан үлесін және жетістіктерін көрсету болып табылады.Жастар – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында Казақ елінің мерейі өсті, қоғамда татулық пен келісім нығайды, экономикасы дамып, алдымызға жаңа биік мақсаттар қойылды. Сондықтан, Қазақстан, Назарбаев, Тәуелсіздік ұғымдары біртұтас мағынаға айналды. Осы арқылы біз Мәңгілік елдің –мәңгілікке мызғымас тұғырын бекіттік, - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева.

Маңғыстау жастары «Мәңгілік Ел» кітабын Батыс Қазақстан облысының жастарына ресми түрде тапсырды.

Аталмыш акция осы жылдың 25-ші қарашасында Астана қаласында аяқталады. Оның қорытындысы бойынша жастардың Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы жазылған «Мәңгілік ел» Кітабы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа 1 желтоқсан күні Президент күніне орай тарту етіледі.


Соңғы жаңарту : 2016-11-17 15:32:29

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz