Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Маңғыстау оқушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихымен танысты

26.11.2016
16:03:12
0

26 қараша күні Ақтау қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының аясында «Ассамблея тарихы – ел тарихы, халық тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері және Ақтау қаласындағы қазақ-түрік лицейі мен № 8 орта мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысты.

- Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқушыларды жалпы қазақстандық бірліктің бірегей үлгісін құру жолындағы негізгі құралдардың бірі болып табылатын – Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихымен, жасөспірімдердің бойында патриоттық және жауапкершілік сезімдерін оятудағы этномәдени бірлестіктердің қызметімен таныстыру. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан татулық пен келісімнің арқасында ең жоғарғы жетістіктерге қол жеткізіп, көпұлтты мемлекетіміздегі барлық адамдарға арнап толерантты орта құрылды, - деді Маңғыстау облысы бойынша ҚХА төрағасының орынбасары-хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина.

«Чосон» корей ЭМБ төрайымы, «Шалом» еврей ЭМБ, «Ехпайрутюн» армян ЭМБ және «Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ төрағалары небір ауыр күндерді бастан кешкен этнобірлестіктерге пана болған қазақ халқының қонақжайлылығы туралы зор ықыласпен айттып өтті.

- Осындай кездесулер біздің қаншалықты ғажайып елде өмір сүріп жатқанымызды, айналамызды кең пейілді адамдар қоршайтынын түсінуге мүмкіндік береді. Қазақстанда тұрып, біз «Ұлы Дала Елінің» тұрғындары екенімізді зор мақтанышпен айта аламыз. Халықтардың дәстүрлері мен салттары араласып, татулық пен келісімнің жаңа қазақстандық үлгісі құрылды, - деп атап өтті «Чосон» корей ЭМБ төрайымы Раиса Маденова-Хван.  

- Біз мұндай форматтағы сабаққа алғаш рет қатысып отырмыз. Елімізде өмір сүріп жатқан халықтар туралы көптеген қызықты мәліметтер білдік. Мемлекетімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді институт барына қатты қуанамыз. Бізде осы кездесуге арнайы дайындықпен келіп, жиналған қауымға арнап домбырада күй орындап бердік, - дейді оқушылар.


Соңғы жаңарту : 2016-11-26 16:03:12

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz