Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32


Ақтауда «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ХХV есеп беру-сайлау конференциясы өтті

30.11.2016
22:04:05
0

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ХХV есеп беру-сайлау конференциясына 400-ге жуық партия мүшесі қатысты. Қазіргі уақытта аймақта 32 мыңға жуық мүшеден тұратын 162 бастауыш партия ұйымы бар.

Конференцияға қатысушылардың ішінде «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, ардагерлер, партияның Саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері, басқарма және құқық қорғау органдарының басшылары, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері болды.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев соңғы екі жыл ішіндегі партия филиалының жұмысы туралы баяндап, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі республика парламенті қабылдаған Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларация туралы пікірін білдіріп, бұл мемлекеттік маңызы зор тарихи құжатта көрсетілгендей Елбасының Тәуелсіздік жылдарындағы орасан зор еңбегін атап өтті.

- Соңғы жылдағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша нәтижелер Маңғыстау облысының тұрақтылығын көрсетеді. Өңірдегі табиғи газды өндіру 16 пайызға ұлғайып, 2 млрд. текше метр газды құрады. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсіптерінде де оң динамика байқалады, көрсеткіштер 17%-ға өсіп, 92 млрд. теңгені құрады. Осы жылы 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 88 млрд. теңге бөлініп, оның аясында 628 жұмыс орны ашылды. 4 жоба пайдаланымға беріліп, қалғандарын ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Алик Айдарбаев хабарлағандай, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында осы жылы «Боржақты-Ерсай» теміржолының құрылысы аяқталды. Жоба құны 9,6 млрд. теңгені құрайды. Құрық паромды кешені құрылысының бірінші кезеңі аяқталуда. Келер жылы пайдаланымға берілетін «Жетібай-Ақтау» автокөлік жолын қайта құру бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Нұр Отан» партиясының қатарына қосылушылардың да саны артты. Соңғы екі жыл ішінде партияға 5000 маңғыстаулық кірді. Қазіргі уақытта партияның облыстық филиалы мүшелерінің жалпы саны 32000 адамды құрайды.

Партиялық жобалар арқылы халықтың талап-тілектері білінеді. 51 397 мектеп түлегінің ішінен ҰБТ-дан шектік балл деңгейіне жете алмай қалған 48 370 балаға жұмысқа орналасуға және оқуға қолдау көрсетілді.

- Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында атқарылған жасампаз істердің барлығы Елбасының бастамасымен жүзеге асты. Осыған орай, декларацияда барлық салалардағы жетістіктер сараланып, Елбасының еңбегі жоғары бағаланды. Жаһандық сын-қатерлердің алдын алып, еліміздің әлеуетін арттырған Елбасының еңбегі жоғары құрметке лайық, - деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев.

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Халила Нұрғалиева облыстық филиалдың есепті мерзімде атқарған жұмысы туралы баяндама жасап, партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының қызметі – партия төрағасы бекіткен «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасының негізінде жүзеге асырылып жатқандығын айтты.

- Биылғы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Маңғыстау облысына 20 жобаны іске асыруға 44 млрд.теңге бөлініп, 9 айдың қорытындысы бойынша оның  62%-ы игерілді. Жылдың аяғына дейін 100 пайызға игеру жоспарлануда. Партияның филиалдары осы мақсатта «Нұрлы жол» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларға партиялық мониторинг жүргізіп, бөлінген қаражаттың мақсатқа сай тиімді жұмсалуын бақылауда», - деді Халила Нұрғалиева.

Халила Нұрғалиева аймақтағы мүмкіндігі шектеулі балаларды квота бойынша емдеуге қатысты партияның қоғамдық қабылдауына келіп түскен мәселелердің оң шешім тапқанын атап өтті. Нәтижесінде «Нейрон» медициналық орталығының базасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап стационарлық, амбулаториялық және хирургиялық көмек көрсету бөлімдері ашылды. Бұрын балалар ем алу үшін Астана қаласындағы сауықтыру орталығына баруға тура келген болатын. Айына 15 балаға ғана квота берілсе, қазір «Нейрон» базасында ай сайын 150 бала ем алып отыр.

Конференция барысында Саяси кеңес пен бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.

Сондай-ақ, аймақтың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан партия мүшелері мен үздік бастауыш партия ұйымдары марапатталды.

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев аймақ меценаттарына партияның орталық аппаратының атынан алғыс хаттарды табыстады.

Өз кезегінде Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев жаңадан партия қатарына алынған адамдарға партия билеттерін тапсырып, Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан партия мүшелерін алғыс хаттармен марапаттады.


Соңғы жаңарту : 2016-11-30 22:04:05

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz