Маңғыстау облысы

Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің және басқа да құзыретті мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өткізілетін интернет-конференциясы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

 


2017 жылдың  15 қарашасында  сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің,  облыстық прокуратура, ішкі істер департаментінің, жер қатынастары, сәулет, құрылыс, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ облыстық филиалы басшылығының қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша интернет-конференция өтеді.

Интернет-конференция облыс әкімдігінің www.mangystau.gov.kz порталында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сізге www.mangystau.gov.kz  мекен-жайы бойынша Агенттіктің логотипі бейнеленген «Интернет-конференция» баннер-сілтемесін таңдап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.