Маңғыстау облысы

Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Құрметті жерлестер және жеңімпаз спортшыларымыз!

Маңғыстау  спортшылары мықтылығын кезекті рет дәлелдеді. Кеше ғана Шымкент қаласында Бокстан және Ақтөбе қаласында Дзюдодан өткен ҚР чемпионаттарында үлкен жетістіктерге қол жеткізген Маңғыстау облысының бокстан алтын медаль иегерлері - Әділбек Ниязымбетов, Берік Абдрахманов, күміс медаль иегерлері - Азамат Исакулов, Ерік Әлжанов, Бекзат Нұрдаулетов, қола медаль иегерлері - Нұрбол Қалжанов, Айболды Дәуренұлы және ерлер мен әйелдер арасынан Дзюдодан алтын медаль иегері - Кәмшәт Қарасайқызы, Күміс медаль иегері - Анна Казюлина және күміс медаль иегері - Бауыржан Сағынғалиұлы, атты жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын!

Бұл азаматтар -  тек  Маңғыстау облысының ғана емес Қазақстанның даңқын асырған, керемет шеберлікпен қиын да тартысты жекпе-жекте жігерлілік таныта білген спорт саласындағы  саңлақтарымыз.

Әрбір спортшымыз – Отанымыздың мақтанышы! Әрбір жеңісіміз – Еліміздің жеңісі!

Сіздерді облыс тұрғындарының атынан жеткен жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, зор ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз!

Елбасымыз айтқандай: «Сіздердің жеңісіңіз - елдің жас спортшыларына лайықты үлгі» болары сөзсіз.

Ел сенімін абыроймен ақтап, мемлекетіміздің мәртебесін көтеріп, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!

Баршаңызға алдағы уақытта  зор денсаулық, береке-бірлік және Маңғыстау облысының, бүкіл Қазақстанның абыройын асқақтататын жаңа жеңістер тілеймін!

  Маңғыстау облысының әкімі     Е. Тоғжанов