Маңғыстау облысы

Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облысының әкімі ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың ауыл-аймаққа жұмыс сапары жалғасуда. Өңір басшысы Қарақия ауданы мен оған қарасты ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесті.

Қарақия ауданының халық саны – 37 200 адам. Биылғы бюджет 9 млрд 350 мың  теңге көлемінде бекітілді. Ауданда ауыл шаруашылық саласы қарқынды дамуда. Әсіресе, мал басы санында өсім бар.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жұмыстары  қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде бағдарлама аясында187 азамат оқытылды. Оның ішінде 37 азамат  бизнес жоспарын қорғап, несие алу жұмыстарын бастап кетті», - деді  Қарақия ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қыдырберді Беков.

Ералы Тоғжанов Бостан ауылына арнайы барып, қуаттылығы 320,0 м3/сағ. су жинау станциясының құрылысымен танысты. Су құбырының жалпы ұзындығы – 6,058 км. Құрылыс жұмыстары наурыз айында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, облыс әкімі  тұрғындарменауылдағы бірқатар мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастырды. Солардың бірі – спорт кешені. Дайындалған жоба құны –157, 928 млн. теңге. Аймақ басшысы бұл жобаны жан-жақты қарап, МЖӘ механизмі бойынша жүзеге асыруды тапсырды.

«Ауылдағы негізгі мәселелердің бірі – ауыз су. Су жинау станциясының құрылысы аяқталса, су тапшылығы мәселесі шешіледі. Одан бөлек жол, транспорт, мал ұрлығы сияқты өзге де мәселелер қаралды. Оның бәрі жауапты басқармалар мен өкілдерге тапсырылады», - деді Ералы Тоғжанов.

  Облыс әкімі Рахат ауылындағы мал сою  пунктінің жұмысымен танысты. Мұнда күніне 100 қой, 50 ірі қара сойылып, сапалы ет өнімі дайындалады.Мал сою пункті 16 адамды жұмыспен қамтып отыр.

  Ералы Тоғжановтың жұмыс сапары Құланды ауылында жалғасты. Аудан және ауыл әкімдеріне кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірнеше тапсырма берілген. Бүгінгі таңда Құланды ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер ҚайратӘміренов жаз бойы шөп шауып, қазір ауылды толық шөппен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, Құланды «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 166 қаңтардағы №17 бұйрығына сәйкес, 27.12.2017 жылғы №82205 электрондық сауда нәтижелері хаттамасының негізінде жәке кәсіпкер Орынбасар Құлбеков «Құланды селосындағы ат спорты кешенін» кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөнінде тендер жеңімпазы деп танылды. 28.12.2017 жылы аталған жеңімпазбен 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқарудың келісім шарты жасақталды.

  Облыс әкімі Құланды ауылының тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді:

«Өткен жылы 114 млн. теңгеге жолдың қайта өңдеу жұмыстары жүргізілді. Сіздер қазір ауыл ішіндегі жолдардың мәселесін көтеріп отырсыздар. Ал өзге ауылдардың орталықпен қатынасатын негізгі жолдары нашар. Республикадан бөлінген қаржыға «Ата жолының» 51 км-нің құрылысы басталып кетті. Жаңаөзен мен Жетібай арасындағы жол қолға алынуда. Алдағы уақытта облыс орталығына қатынау жеңіл болмақ. Қазір Жетібай-Ақтау арасында жол апаты 7 %-ға қысқарды. 2018-2019 жылы Құрық-Жетібай жолының жөндеу жұмыстары басталады. Өткен жылы теңіз жолын аштық. Сол арқылы еліміз Европаға тікелей шығуға мүмкіндік алды».

Кездесу барысында тұрғындар мал шаруашылығының дамып жатқандығын, оның еті мен сүтін Жаңаөзен қаласына сататындарынайта келіп, мал терісі мен жүнінің пайдаға аспай, далада қалып жатқанын жеткізді. Осыған орай облыс әкімі Ералы Тоғжанов орынды көтерілген мәселені жан-жақты қарап, тиімді шешу жолдарын ұсынуды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі