Маңғыстау облысы

Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облысы әкімдігінде жаңа тағайындаулар орын алды

Бүгін Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен аппараттық жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов соңғы кадрлық өзгерістер туралы хабарлады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі басшысы міндетіне Сүлеев Самат Мирұлы тағайындалды.

Самат Мирұлы Қызылорда облысында туған, білімі жоғары, «журналистика» мамандығының иесі және Түркия Республикасы Стамбұл университетінің магистрі. Еңбек жолын 2008 жылы «Хабар агенттігі» акционерлік қоғамында корреспондент қызметінен бастаған.

2011 - 2013 жылдары «Хабар» арнасының өндірістік бөлімінің редакторы, кейін бағдарламалар бөлімінің продюсері қызметтерінде болды.

2013 – 2016 жылдары аралығында «Хабар», «Астана» телеарналарының және «Қазақ» радиосының Түркиядағы (Стамбул) меншікті тілшісі қызметін атқарды.(Фрилансер)

2017 – 2018 Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметтерінде болды.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының басшысы болып Құсбеков Дүйсен Темірұлы тағайындалды.

Дүйсен Темірұлы 1962 жылы  Қарағанды облысында туған, білімі жоғары, «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды облысының Шахтинск қалалық прокурорының аға көмекшісі, прокурор орынбасары қызметтерінен бастаған. 1999 - 2015 жылдары Қарағанды облыстық прокуратурасында бөлім басшысы, аға прокурор, облыстық сот кеңсесінің меңгерушісі, Қазыбекби аудандық сотының судьясы, облыстық сот әкімшісінің басшысы қызметтерінде болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.


Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі