Маңғыстау облысы

Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесті

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақтың этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен жәнеҚазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті.

- Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамда бейбітшілік пен бірлікті сақтау жолында талмай еңбек етіп келеді. Алайда, бұл жұмыстың соңы емес. Алда одан да үлкен мақсат-міндеттер тұр. Біз ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып, халқымыздың сана-сезімін рухани жаңғыртуымыз қажет. Біз рухани бай, отансүйгіш және бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастырамыз. Бұл – Елбасымыздың қойған басты мақсаты. Осы орайда этномәдени бірлестіктер мүшелерінің маңызы өте зор.  Мен сіздерден-азаматтық қоғам өкілдері ретінде еңбек нарығын жаңғырту жөнінде пікір-ұсыныстарыңызды естігім келіп отыр, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Кездесу барысында әртүрлі сипаттағы мәселелер көтерілді. Мәселен, «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің басшысы Сергей Мартын бірлестіктің ұйымдастырған қайырымдылық шаралары туралы баяндады.

Ал корейлік «Чосон» этномәдени бірлестігінің төрағасы Раиса Маденова-Хван жастармен жүргізілетін жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қоса, этномәдени бірлестіктердің мүшелері облыстың туризм, ауыл шаруашылығын дамыту жайында өз пікірлерімен бөлісіп, Тарас Шевченконың 85 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастыруға қолдау сұрады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі