Маңғыстау облысы

Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов: «Азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдар діни қатынастарды реттеуде белсенді болуы тиіс»

20 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

  Кеңес мүшелері ақпараттық-насихаттау топтарының атқарған жұмыстарының қорытындылары мен Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданындағы діни ауалды талқылады.

  Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы филиалының қызметі, соның ішінде кадр дайындау, мешіттер құрылысы мәселелері қаралды.

  Нұрсұлтан Назарбаев кешегі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы өкілдерімен кездескен кезде Қазақстан халқының өмірінде діннің ерекше рөлін, деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес  жүргізу жұмыстарын арттыру, Қазақстан мұсылмандары дәстүрлі түрде ханафи мазхабын ұстанатынын, исламның осы бағытының негізін түсіндіруге машықтанған мамандар даярлау қажеттігін атап өтті.

Қазақстан өзінің ұлттық құндылықтарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін, еліміздегі келісім мен тұрақтылықты сақтаған  зайырлы мемлекет. Тарихи және рухани байлығымызды  сіңіре отырып, оны арттыру, сананы жаңғыртуымыз қажет. Біз патриоттық тәрбиені ілгерлету жұмысын жалғастыруымыз қажет және бұл бағытта әр аймақ, әр елді-мекен  туралы ақпарат жинауға және оны жүзеге асыруға «Туған жер» бағдарламасы көмектеседі. Халықтың діни сауаттылығын арттыру маңызды және әрбір қоғамның мүшесі оған үлес қосуы керек.

Отырысқа қатысушылар өзекті мәселе - оқушылардың мектепке  хиджаб киіп келетінін көтерді. 

-Бұл бағытта хиджаб киетін оқушылардың  ата-аналарымен белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс.  Бұл жерде мектеп жанындағы ата-аналар кеңесі, орта білім беру орындары директорларының рөлі маңызды болуы тиіс. Сондай-ақ, ынтымақтастыққа үкіметтік емес ұйымдарды, ақсақалдар мен ардагерлерді және азаматтық қоғамның басқа да беделді мүшелерін  тартуымыз қажет, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

  Мәжіліс қорытындысы бойынша аймақ басшысы Ералы Тоғжанов қала және аудан әкімдері, облыстық дін басқармасына, ішкі саясат, білім беру, жастар саясаты басқармаларына және құқық қорғау органдарына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі