Маңғыстау облысы

Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті 9-шы сессиясы өтті.

17 мамыр күні  Маңғыстау облыстық мәслихаты хатшысы Б.Жүсіповтың төрағалығымен 6-сайланған облыстық мәслихаттың кезекті 9-сессиясы өтті.

 Сессия жұмысына облыс әкімі Е.Тоғжанов және орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, қала және аудандардың әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

2016 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы» мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ш.Илмұханбетова ба­яндама жасады. «Облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде Тексеру комиссиясының есебі туралы» Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Ешанқұлов айтты. Бұл мәселелер бойынша сөз сөйлеген облыстық мәслихат депутаты А.Өрісбаев қаражатты тиімді пайдалануға қатысты ой-ұсыныстарын ортаға салды.

Екінші «Облыста дене шынықтыру мен спорттың дамуының жайы тура­лы» мәселе бойынша облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Байжанов есеп берді. Айтылған мәселе бойынша сөз сөйлеген облыстық мәслихат депутаты Н.Тумышев атқарылған жұмыстарды қосымша мәліметтермен толықтырып, ой-ұсыныстарын жеткізді.

«Маңғыстау облысы ішкі істер де­партаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымының кандидатурасына келісім беру туралы» мәселе бойынша облыс әкімінің ұсынысы мақұлданып, басқа жұмысқа ауысуына бай­ланысты бұл қызметтен босаған А.Халмұрадовтың орнына У.Мылтықов басшы болып бекітілді.

Облыстық мәслихаттың шешімі­мен бір топ азаматтар Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ сессияда көптеген мәселелер қаралып, депутаттардың бірауыздан қолдауымен тиісті шешімдер қабылданды.

 Облыстық мәслихаттың оныншы сессиясының төрағалығына №19 сайлау округі­нен депутат А.Меңдібаев сайланды.

Сессия соңында облыс әкімі Е.Тоғжанов сөз сөйлеп, депутаттар корпу­сымен бірлікте атқарылар бірқатар маңызды міндеттерге тоқталып, нәтижелі жұмыстар жолында күш жұмылдыруға шақырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі