Маңғыстау облысы

Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Өңір басшысы «Ақтау теңіз порты» АЭА аралады

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына барды. Онда ол бірнеше зауыттың жұмыс барысымен танысты. Айта кетейік, «Ақтау теңіз порты» АЭА инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ең ыңғайлы орын.

  Өңір басшысы алдымен «QSM Precast Concrete Aktau» ЖШС-іне барды. Бұл зауыт темірбетон өнімдерін шығарады. Келесі жылдың наурыз айына дейін 27 мың дана тетрапод шығармақшы. Қазір мекеме Құрық портына қажетті өнімді дайындаумен айналысуда. Мекеменің салтанатты ашылуы осы айдың 28-інде болмақ. Зауыт іске қосылғаннан кейін 200-ден астам адамды жұмыспен қамтымақшы. Зауыт аумағы 6 гектар. Жоба құны 768 млн. теңге.

  Келесі нысан болаттан түрлі өнімдер шығаратын зауыт. 2 гектар аумақты алып жатқан мекеме іске қосылғанан кейін 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақшы. Жоба құны 941 млн. теңге. Жылына 1200 тонна болат өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Зауыттың ашылуы осы жылдың қазан, қараша айларында болмақ.

  Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов «Ақтау ЭнергоМаш» ЖШС-іне барды. Бұл мекеме трансформаторлар мен электр кабельдерін шығарады. Зауыт аумағы 9,8 гектар. Жоба құны 9,1 млрд. теңге. Қуаты: жылына кабель өнімі – 2500 тонна. Электр жабдықтары – 1200 дана.

  Облыс басшысы зауыттарды аралау барысында, қызметкерлердің жағдайын сұрап, тілдесті. Ал, мекеме басшыларына нақты тапсырма берді.  

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі