Маңғыстау облысы

Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Өңір басшысы жылыту маусымына дайындықты тексерді

Бүгінгі облыс әкімі Ералы Тоғжанов 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты пысықтады. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-інде өткен басқосуға басқарма басшылары мен мекеме директорлары қатысты. Алғашқы болып энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбеков Сапар Халилұлы сөз алды.

 Энергетикалық кәсіпорын болып саналатын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС дайындығы туралы кәсіпорынның пайдалану жөніндегі департамент директоры Коновалов Юрий Иванович баяндамасын оқыды.

 Облыс бойынша магистральды электр желілерінің алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы «МЭБК» АҚ өндірістік-техникалық басқармасының басшысы Ермекбай Қадырхан Кангаевич, облыс бойынша магистральды және тарату газ құбырларының дайындығы туралы «КазТрансгаз Аймак» АҚ МӨФ директорының орынбасары Прокопенко Алексей Юрьевич тақырыпқа қатысты сөз сөйледі.

  Білім беру нысандарының 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова, денсаулық сақтау нысандарының 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаева, мәдениет нысандарының 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Пания Сармурзина, спорт нысандарының 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов және қалалар мен аудандарда алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы қалалар мен аудандар әкімдеріне сөз берілді.

  Бүгінгі талқыланған мәселелерге сәйкес қажетті іс-шаралар қабылданатын болады.

  Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бүгінгі мәжілістің қорытындысы бойынша хаттама әзірленіп, хаттамалық тапсырмаларды орындау үшін жауапты адамдарға жолдасын, орындалудың жүрісі бақылауға алынсын деді Ералы Тоғжанов.

  Жиын соңында өңір басшысы тұрғындардың шағымын оқыды. Мысалы, Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы 30-ға жуық үй газбен қамтылмаған. Бұған қатысты Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев «Бұл мәселені шешіп жатырмыз» деді. Аталған мәселені шешу үшін биыл ғана қаражат бөлініп, сол себепті жобалық сметалық құжаты әзірленуде. Ералы Тоғжанов бұл мәселені бір айдың ішінде шешуді тапсырды.

  Келесі сұрақ ауыз суға қатысты болды. Мәселен, Түпқараған ауданы, Ақщұқыр ауылына ауыз су уақытылы жеткізілмейді екен. Бүгінде құбырлар тартылған, бірақ су жоқ. Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов ауылда су бар, алайда тұрғындардан өтініш жоқ деді. Ералы Тоғжанов тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бұл мәселені 10 күнде шешуді тапсырды.

 

  Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі