Маңғыстау облысы

Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжановтың Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары

9 қыркүйек күні Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына барды. Сапар барысында ең алдымен ҚазГазӨңдеу зауытына барып, жұмысымен  танысты.

Зауыттың жобалық қуаты газды өңдеуге қабылдау бойынша  1,5 млрд.м3/ жыл, жеңіл көмірсутектердің кең фракциясын өңдеу бойынша 600 мың тонна/жыл., оның ішінде 90  мың тонна/жыл. газ конденсатын өңдеуді құрайды. Айына сұйытылған газ өңдіру көлемі - 13-14 мың тонна. Ай сайын халыққа газ жөнелту  көлемі - 13-14 мың тонна. Зауыт айына «КазМұнайГаз»- Өнімдері АҚ – 4,000-5,000 мың тонна, ал жеке кәсіпкерлерге – 9,000-10,000 мың тонна газ жөнелтеді.

Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов газ өңдеу зауытының жұмысымен жете танысып, кәспорын басшылығына өндірілетін газды және жөнелтілетін газды есепке алу приборларын орнату және тағы басқа да нақты тапсырмалар берді.

Мұнан соң облыс әкімі Жаңаөзен қаласының орталық көшелерінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары, атап айтқанда, тұрғындардың демалатын саябағы, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының  барысымен танысты.

Сонымен бірге, өңір басшысы Ералы Тоғжанов Жаңаөзен қалалық Балалар ауруханасына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстар барысымен танысты. Жөндеу жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталып, қазан айында аяқталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарының сомасы 167млн. 979 мың теңге.

   Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы  Жаңаөзен қаласының «Рауан», «Рахат» және «Ақбұлақ» шағынаудандарындағы салынып жатқан 900 орындық орта мектептердің құрылыс жұмыстарымен танысып, тиісті басшыларға құрылысты белгіленген уақытта сапалы әрі бөлінген қаржының уақытында игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

  Сапар соңында мұнай қалдықтарына арналған қамбаға барып, алыбсенамон, ЦЦПН, Му-3 амбарларында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарады. Аймақ басшысы кәсіпорын басшыларын Жаңаөзен қаласының дамуына өзіндік үлес  қосуға шақырды.

  Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысқан облыс әкімі қала әкіміне абаттандыру, көгалдандыру, қаланың көркіне аса зор мән беру және жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан әрі жандандыруды тапсырды.

  Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі