Маңғыстау облысы

Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Облыстық әкімдікте кезекті аппарат жиыны өтті

Бүгін облыстық әкімдікте өңір басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде облыстағы діни ахуал, бұқаралық спорттың  және туризмнің дамуы туралы мәселелер жан-жақты қаралды.

  Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының басшысы Ерлан Есбергенов осы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

  Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Қарабалевтың айтуынша, бүгінде облыста дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдар саны өсіп келеді. Мәселен, өткен жылы өңір халқының 25% спортпен шұылданса, биыл 26,5%-ға артқан.

   Қазір Маңғыстауда спорттың 90 түрі дамып келеді. Әсіресе, қысқы спорт түрлері: хоккей, мәнерлеп сырғанау. Сонымен қатар, көше спорты, оның ішінде паркур, воркаут, брейк-данс, стритбол қарқынмен дамып жатыр. Ұлттық спорт түрлерін дамыту да қолға алған. Тоғызқұмалақ, қазақша күрес, асық атудан жарыстар жиі өтіп тұрады. Көкпар бойынша арнайы топ жасақталды. Олар 80, 120, 160 шақырым жол жүріп дайындалады.

  Бүгінде облыста 18 спорт мектебі жұмыс істеп тұр. Оған 12 500 бала барып, спортпен айналысып жүр. Оқушылармен 405 жаттықтырушы-мұғалім жұмыс жасайды.

  Аппараттық жиында Маңғыстау облысы туризм басқарма басшысының орынбасары Гүлмира Сүйеуова ЭКСПО-2017 көрмесі бойынша ақпарат берді.

  Отырыста Мұнайлы ауданына қарасты елді-мекендерде орын алған кемшіліктерге, соның ішінде жиналған қоқыстар, дүкендердің маңдайшаларындағы қателіктер және т.б мәселелер сынға алынып, барлық қалалар мен аудан әкімдеріне бірқатар міндеттер жүктелді.

Жиын соңында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов тиісті мемлекеттік органдар басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі