Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Екі жақты меморандумға қол қойылды

09.11.2017
12:59:56
1439

Бүгін облыстық әкімдік ғимаратында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаевамен кездесті. Кездесу барсында екі жақты меморандумға қол қойылып, алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жобаларды талқылады. Меморандумның мақсаты - «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тараптардың арасында серіктестік қатынас орнату, ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамыту. Бағдарламаның тағы бір мақсаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта қалыптастыру деді, Шолпан Ілмұханбетова. 

Меморандум аясында халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту,  міндетті зейнетақы жарналарының жүйелі түрде түсуі мен көлемін ұлғайту, зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері, сондай-ақ Қор қызметін алудың балама мүмкіндіктері бойынша ақпарат беру мақсатында қаржылық сауаттылықты көтеру көзделіп отыр.   

Сәуле Егеубаеваның дерегінше, бүгінде облыс халқының саны 655 мың адамды құраса, олардың ішінде 292 мыңнан астамы экономикалық тұрғыдан белсенді. 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 326,3 мың шот тіркелген. Ал олардағы зейнетақы жинақтарының көлемі 505,8 млрд теңге. Бұл Қазақстан Республикасы бойынша міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының 6,8 пайызын құрайды. Сондай-ақ 34,5 мың шот міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ашылған. Облыста ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шамамен 0,4 мың шот ашылған. Бұл Қазақстан Республикасы бойынша ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ашылған шоттардың 1 пайызын құрайды. Облыс тұрғындарының зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1 575 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 93 пайызға жоғары.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру моделі, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жай-күйі, сондай-ақ тұрғындарға ақпарат беру, оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері де талқыланды.

Жиын соңында қол қойылған меморандум аясында аталған мәселелерді шешу бойынша бірлескен шаралар қарастырылған. БЖЗҚ осы Меморандумға сәйкес облыс әкімдігінің қолдауымен жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарда облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялайтын болады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


14.12.2017
19:00:47
79
Тәуелсіздік қарсаңында Мұнайлы ауданында «Керуен» ауыз су өңдеу цехы іске қосылды.  Кәсіпорын 12 адамды тұрақты…
14.12.2017
18:33:50
81
Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында бірнеше нысан ашылды. Ел игілігіне берілген жаңа кәсіпорынның…
13.12.2017
20:13:48
205
Ақтау халықаралық әуежайында миллионыншы жолаушыны анықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Шара Елордамыз Астана қаласының 20…
13.12.2017
19:30:30
224
Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті 15-сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған өңір бюджетінің жобасы бекітілді. «Осы жылғы…
13.12.2017
14:48:01
206
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  Нидерланды Королдігінің Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы төтенше және өкілетті…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz