Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстауда бір күнде төрт әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

01.12.2017
19:11:05
1046

Маңғыстау облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні мересіне орай әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысан ашылды. Ел игіліне берілген жаңа ғимараттың бірі Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылындағы 100 орындық «Күншуақ» балабақшасы. Білім ошағы Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Азаматтық бастамалар картасы» базалық жобасы аясында салынған. Жалпы сомасы 406 млн. теңгені құрайтын білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. «Еліміздің бірлігінен асқан аса қадірлі ұғым жоқ. Қазақстанның өсуі де, өнуі де бірлік пен елдіктің арқасы. Соның арқасында экономика көтерілді. Бір аудан бойынша балабақша мәселесін толық шешуге жағдай жасалып жатыр. Балабақшамен 98%-деңгейде қамтамасыз етуге жеткелі отырмыз. Яғни, кішкентай бүлдіршіндерге жақсы жағдай жасай алсақ, соның бәрі тәуелсіз Қазақстанның жаңа мүмкіндігі болмақ»-, деді сөз алған аймақ басшысы.  Салтанатты рәсімнен кейін Ералы Тоғжанов ауыл тұрғындарымен кездесіп, Маңғыстауда жүргізіліп жатқан маңызды стратегиялық жобаларды сараптап, аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айтып берді. Ал, ақсақалдар қауымы  өз ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Айтулы мереке қарсаңында алты алашқа тарту ретінде есік ашқан тағы бір нысан Ақшұқыр ауылындағы Ер Қосай Құдайке атындағы спорт кешені. Спорт ғимаратының жалпы аумағы 400 га жерді алып жатыр. Мұнда бір мезетте 0,400 адам жаттығуға жағдай жасалған. «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті кәсіпкерлердің өз қаражатымен салынған спорт кешенінің құрылысына 65 млн теңге жұмсалған.

Сондай-ақ, Түпқараған ауданы  Ақшұқыр ауылында «Жоламан» медициналық орталығы салтанатты түрде ел пайдасына берілді.  Емхана жүрек, қан-тамыр,тіс, көз, құлақ, мұрын тағы басқа  ауруларды қарайтын аппараттармен толық жабдықталған. 5 дәрігер, 5 мейірбике еңбек етеді. Орталықтың 1 мезетте 15 адамды қарауға мүмкіндігі мол. Маңғыстауда жылына 20 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Сондықтан қазіргі таңда ата-аналар үшін ең керекті нысан – балабақша. Болашақта облыста  бөбекжай жетіспеушілігін толық жоюға мүмкіндік жасалуда. Аймақ басшысы бүлдіршін тәрбиелейтін тағы бір білім ошағының салтанатты ашылуына қатысып, Ақшұқыр тұрғындарының қуанышына ортақтасты.  140 балаға шақталған «Алма» балабақшасына жеке кәсіпкер 640 млн теңге жұмсапты. 30-дан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Айта кетейік, бұл ауылдағы кәсіпкерлердің қаражатына салынған 7-ші балабақша.

 Ашылу салтанаты айтулы мерекеге тұспа-тұс келген және бір нысан Ақшұқыр ауылында жаңа мешіт. Жергілікті кәсіпкерлердің қаражатымен бой көтерген құлшылық үйі бүгін, яғни жұма күні пайдалануға берілді. Бірлік пен ынтымақтың, имандылық пен бауырмалдықтың рухани қайнар көзі, мұсылманды бір жерге тоғыстыратын, зор мәні бар рухани орталықтың ашылу салтанатына ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Мешітте 1 мезетте 500 адам құлшылық ете алады. Құрылысқа халықтан және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен жиналған 50 млн теңге жұмсалыпты. Облыс әкімі: «Діннің тазалығы – елдің тазалығы. Елдің тазалығы – халықтың рухының биіктігі, осының арқасында қазақ елі де, халқы да бір бола алады. Басқа бағытқа кеткен елдердің жағдайы бәріңізге мәлім. Еліміздегі бірлік пен бейбітшілікті мақтан тұтайық және соған берік болайық. Имандылыққа бастаған ниетпен жиналдыңыздар. Тойымыз құтты болсын!» ,-деп өз лебізін жеткізді.

 «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС ауыл халқын жұмыспен қамтып, өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосып отырған шаруашылық. Кәсіпорын түйе, жылқы, қой өсірумен айналысады. Тауарлы мал өнімдерін өндіріп, халыққа тұтынуға шығарады. Серіктестік қарамағында шұбат шығаратын цех; жүн өңдеу цехы; мал сою алаңы; наубайхана; бау-бақша; қарабалық аулау шаруашылығы; сусындар шығаратын цех бар. Қазіргі таңда 2000 бас түйе, 200 жылқы, 1000 бас қой өсірілуде. Кәсіпорынның жетістігі сол – елімізде «асыл тұқымды қазақтың қос өркешті айыр түйесін өсіретін шаруашылық» және «асыл тұқымды қазақтың адай жылқысын өсіретін шаруашылық» мәртебесін иеленген. Кәсіпорында 120 адам жұмыс жасайды. Ералы Тоғжанов жұмысшылармен кездесіп, шаруашылықтың ұжымына табыс пен еңбектеріне жеміс тіледі.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


14.12.2017
19:00:47
78
Тәуелсіздік қарсаңында Мұнайлы ауданында «Керуен» ауыз су өңдеу цехы іске қосылды.  Кәсіпорын 12 адамды тұрақты…
14.12.2017
18:33:50
80
Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында бірнеше нысан ашылды. Ел игілігіне берілген жаңа кәсіпорынның…
13.12.2017
20:13:48
204
Ақтау халықаралық әуежайында миллионыншы жолаушыны анықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Шара Елордамыз Астана қаласының 20…
13.12.2017
19:30:30
223
Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті 15-сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған өңір бюджетінің жобасы бекітілді. «Осы жылғы…
13.12.2017
14:48:01
205
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  Нидерланды Королдігінің Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы төтенше және өкілетті…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz