Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстауда науқастардың 70%-ы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген

04.12.2017
16:41:43
870

Бүгін аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Жиында маңызды мәселелер қаралды.

Жиында алдымен, халықтың және денсаулық сақтау ұйымдарының қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етілу жағдайы туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Клара Оралбаева баяндама жасады. Қазіргі таңда облыс бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету екі бағытта жүзеге асырылуда: стационарлық және амбулаториялық. Амбулаториялық дәрі-дәрмектер республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. 2017 жылы дәрілік заттар сатып алуға 2 542 916,0 мың теңге бөлінген. «72 180 емделуші немесе халықтың 70%-ы дәрімен қамтамасыз етілген. Енді денсаулық сақтау басқармасымен сатып алу рәсімдері толықтай жасақталды. Қабылданған шаралар 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында қажетті мөлшерде амбулаториялық науқастарға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді Клара Оралбаева.

  Күн тәртібінде екінші, салық және кеден қызметінің цифрландыру мәселесі талқыланды. ҚР Үкіметі  ағымдағы  жылдың қыркүйегінде «Сандық  Қазақстан» бағдарламасын таныстырған болатын. Жобада екі бағыт бар: цифрландыру үдерісінің тұрақтылығы үшін ұзақ мерзімді инновациялық даму институттарын құру және нақты сектордағы тың жобалардан тұратын бағдарламаның прагматикалық бастамаларын қолдау. Облыстық кірістер басқармасының басшысы Әлібек Тілегеновтың айтуынша, Маңғыстауда салық есептері нысандарының 94,8%-ы тек электронды түрде қабылданады.Облыстың барлық аумақтық бөлімшелерінде ғаламтор желісіне қол жеткізу мүмкіндігі бар жаңа компьютерлер орнатылып, бағдарламалық және ақпараттық қолдау көрсететін терминалдар қойылған.

  Мемлекеттік сатып алу саласының жүзеге асырылу барысы туралы аталған саланың басшысы Аят Қарсыбаев айтып берді. 2017 жылдың бүгінгі күніне дейін жалпы  сомасы  214 млрд. 412 млн. теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алудың 7 147 лотына Маңғыстау облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау жүргізген. Нәтижесінде  27 млрд. 735 млн. теңгені құрайтын 599 лотта заң бұзушылық айқындалып, оның ішінде, конкурсттық құжаттамада заңсыз талап қарастырылғаны үшін жалпы сомасы 6 млрд. теңгені құрайтын 363 лотқа ескертулер жіберілген. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтардың 31 % -ы Құрылыс басқармасы, 23 % -ы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, 14 % -ы Ақтау қаласының әкімдігі, 7 % - Жаңа Өзен қаласының әкімдігі тарапынан жасалған.

«Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу комиссия құрамының кәсіби біліктілігінің  төмендігінен жол берілген. Яғни, құқықтық біліктіліктің төмендігінен 32% үлесті және техникалық біліктіліктің төмендігінен 49% құрап отыр. Сондықтан тапсырыс берушілердің  мемлекеттік сатып алу мамандарын алдағы жылы біліктіліктерін арттыру үшін бюджет қаражатын қарастыруды сұраймын»,- деді Аят Қарсыбаев. Сондай-ақ, келесі жылдың бюджет қаражатының уақытылы игерілуі үшін, мемлекеттік сатып алу процессін қазірден бастау туралы ұсыныс тастап, әкімдіктер мен басқарма басшыларынан Басқарманың ақпараттарды сұрау хаттарына, шұғыл түрде шынайы және толық мәліметтерді уақытылы жіберіп тұруын айтты.

Жиын соңында облыс әкімі Ералы Тоғжанов аймақта жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, енді кәсіпкерлердің қаражаты есебінен салынатын тағы да ауқымды құрылыстар туралы айтты. Сонымен бірге, жиында қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар  берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


14.12.2017
19:00:47
78
Тәуелсіздік қарсаңында Мұнайлы ауданында «Керуен» ауыз су өңдеу цехы іске қосылды.  Кәсіпорын 12 адамды тұрақты…
14.12.2017
18:33:50
80
Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында бірнеше нысан ашылды. Ел игілігіне берілген жаңа кәсіпорынның…
13.12.2017
20:13:48
204
Ақтау халықаралық әуежайында миллионыншы жолаушыны анықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Шара Елордамыз Астана қаласының 20…
13.12.2017
19:30:30
223
Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті 15-сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған өңір бюджетінің жобасы бекітілді. «Осы жылғы…
13.12.2017
14:48:01
205
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  Нидерланды Королдігінің Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы төтенше және өкілетті…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz