Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккен 17 адам ауруханадан шықты

05.12.2017
17:15:10
941

25 қараша күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы маңында болған жол апатынан зардап шеккендердің он жетісі (17адам) ауруханадан шығып, қазіргі таңда  үйлеріне аман сау оралды.

Дәрігерлердің хабарлауынша, әлі 9 жолаушы ем қабылдап жатыр. 2 науқас хирургиялық бөлімде, 3 адам  травматология бөлімінде орташа ауыр халде. Ал, жағдайы ауыр 2 жолаушы жансақтау бөлімінен әлі ауыстырылмаған.

Жол апатынан зардап шеккен тағы 2 бүлдіршін облыстық балалар ауруханасында ем қабылдауда. Науқастың бірі - 2007 жылы туған. Оның сан сүйегіне сыртқы фиксерлеуші құрылғыны қолдану бойынша ота жасалып, әрі қарай емдеу және тексеру бойынша кеңес берілген. Жасөспірімнің қазіргі таңдағы жалпы жағдайы ауыр, өздігінен дем алуда.  Ал, 2011 жылы туған ұл бала жансақтау бөлімінен травматология және ортопедия  бөліміне ауыстырылған. Жағдайы тұрақты,-дейді дәрігерлер.

Жаңаөзен қалалық әкімдігінде жол көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жанұяларына моральдік және материалдық көмек көрсету үшін жұмысшы тобы құрылған болатын. Қазіргі таңда жұмысшы топ қайтыс болғандардың жанұяларына қажетті материалдық көмектер көрсетуде. «Қазақстан темір жолы» АҚ тарапынан қайтыс болған 9 жанұяның отбасына 1 млн. теңгеден, ауыр жарақат алған 9 адамға 600 мың теңгеден және орташа және жеңіл жарақат алған 18 адамға 300 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат берілген.

Сонымен қатар, жол көлік оқиғасынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету мақсатында қоғамдық қор құрылып, қала тұрғындары мен облыс аумағында орналасқан мекемелерден300 мың теңге аударылған.

Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметі жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қоғамдық көліктерде артық жолаушылар тасымалының алдын алу бағытында күнделікті жедел-профилактикалық шаралар өткізуде. Әкімдік тарапынан қоғамдық көліктерге үш мезгіл мониторинг жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қарашада Жаңаөзен қаласы - Тенге ауылы арасындағы темір жол өткелінде жолаушылар тасымалдаушы №3 қоғамдық көлігі мен тепловоз соқтығысқан болатын. Апат кезінде 8 жолаушы қайтыс болып, 27-сі жарақат алған еді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

   


22.02.2018
12:43:02
318
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың аймақ тұрғындары алдындағы 2017 жылғы есебі тыңдалды. 800-ге жуық адам…
22.02.2018
10:39:37
248
Маңғыстау облысында шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны2018 жылдың бірінші айында  47,0…
22.02.2018
10:35:12
237
Транспорттық инфрақұрылымның дамуына «Нұрлы жол» бағдарламасы оң серпін берді. Маңғыстау облысында жаңа көліктік-логистикалық жүйе құрылды.…
22.02.2018
10:27:33
242
Маңғыстауда индустрияландыру картасы аясында 12 млрд. теңгеге 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда Мемлекет басшысының «Қазақстанның…
19.02.2018
18:20:36
568
Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың шешімімен Маңғыстау облысы мәдениет…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz