Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Бүгін жалпыұлттық телекөпір барысында Маңғыстауда 3 жаңа нысан іске қосылды

06.12.2017
16:14:44
896

Бүгін  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні өтуде. Іс-шара «Нұрлы жол» және елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына арналды. Жалпыұлттық телекөпір аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа оншақты өндірісті іске қосты.  Бұл кәсіпорындарда Отандық өнім шығарылып, Қазақстандық мамандар жұмыс істейтін болады.

Қазақстан Тәуелсіздіктің 26 жылында жаһандық реформалар мен ауқымды жаңару жолынан өтті. Жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға түбегейлі бет бұрды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік дағдарысқа жауап ретінде Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдырып,индустриялық-инновациялық дамыған ел қалыптастырды. Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан аймақтық көшбасшыға айналды. Еліміз жаһандық өндіріс тізбегіне енуді жалғастырып жатыр. Мемлекет басшысы бүгін де ауқымды жобалардың келесі кезеңін жалғастырды. Бұл жолы басты назар - технологиялық қайта жабдықтау мен цифрлы технологияларға көшу жылдамдығына аударылды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыұлттық телекөпір шеңберінде Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Құрық ауылындағы паром кешенінің ІІ кезеңін іске қосты. Жобаның құны - 97,7 млрд. теңгені құрап,  порттың қуаттылығы жылына 7 млн тоннаға жетті. Құрық порты арқылы экспорттық және транзиттік жүктерді Транскаспий дәлізінде әлемдік нарыққа тасымалдау жоспарланып отыр.

Телекөпірде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ инфрақұрылымдық жобалар бойынша вице-президенті Бауыржан Орынбасаров сөз алды. 

«Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев! Құрық порты - Транскаспий халықаралық көлік бағдарының маңызды түйіні. 2017 жылы Құрық портында 1 млн. 200 мың тоннадан астам жүк тиелді. Жаңа іске қосылған автокөлік паромы – қосымша 2 млн. тонна жүк артуға мүмкіндік бермек. Бүгін біз Еуропа елдері мен Түркияға жаңа  бағыттарды жібермекпіз»,- деді.

Жаңадан ашылған және бір нысан  "Шетпе-Ақтау" автомобиль жолы. Жобаның құны - 92 956 млн. теңгені құрайды. 2020 жылға қарай жүк тасымалдау көлемі "Бейнеу-Ақтау" автожолының учаскесінде  16 200-30 700 мың тоннаны құрайды дейді, сала мамандары. Осылайша, көліктік-логистикалық орталықтарды құру арқылы шекаралас жатқан Өзбекстан, Түркіменстан елдерімен қарым-қатынасты нығайтып, Каспий маңы аймағының дамуына, өңір экономикасының өсуіне "Бейнеу-Ақтау" автожолы ықпал етпек.

«Құрметті  Елбасы! «Ақтау-Шетпе» жол бөлігі «Астрахань-Атырау-Ақтау-Түрікменстан шекарасы» халықаралық транзиттік дәлізінің құрамына  кіреді. Бұл – Ресей және Шығыс Еуропаны Орталық Азия елдерімен байланыстыратын ең қысқа жол. Жүк тасымалының көлемі жылына 3 миллион тоннаны құрап, Ақтау мен Құрық теңіз порттарының мүмкіндігін арттырады»,- деді ҚР ИДМ Автокөлік жолдар Комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев.

Әрі қарай телекөпір аясында Маңғыстауда «Арцеллор Миттал» компаниясының түиістіріп дәнекерлеу құбырларын өндіру цехы пайдалануға тапсырылды.

Жобаның құны шетелдік инвесторлардың қатысуымен 6,8 млрд. теңгені құрап отыр. Зауыт Маңғыстаудағы бірегей, технологиялық жағынан толыққан өнеркәсіп кешені болып табылады. Өндіріс қуаты жылына 300 шақырым құбыр шығаруға қабілетті. Өндірістің әр бөлігі автоматтандырылған және құбырдың сапасының жоғарылығын тексеретін бақылаудан өтеді.

Елбасы аталған жобалардың іске асуына сәттілік тілеп, кәсіпорын ұжымымен тілдесті.

Жалпыұлттық телекөпір шеңберінде  25 нысанның 10 мыңға тарта жұмысшысы жаңа индустриалды серпілістің тікелей куәгері болып, шараны 18 миллион Қазақстандық тамашалады.

  Айта кетейік,  жыл басынан бері Маңғыстауда жалпы құны 1 млрд. 847 млн. теңге құрайтын 3 жоба пайдалануға беріліп, 195 жаңа жұмыс орны ашылған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


14.12.2017
19:00:47
78
Тәуелсіздік қарсаңында Мұнайлы ауданында «Керуен» ауыз су өңдеу цехы іске қосылды.  Кәсіпорын 12 адамды тұрақты…
14.12.2017
18:33:50
80
Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында бірнеше нысан ашылды. Ел игілігіне берілген жаңа кәсіпорынның…
13.12.2017
20:13:48
204
Ақтау халықаралық әуежайында миллионыншы жолаушыны анықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Шара Елордамыз Астана қаласының 20…
13.12.2017
19:30:30
224
Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті 15-сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған өңір бюджетінің жобасы бекітілді. «Осы жылғы…
13.12.2017
14:48:01
205
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  Нидерланды Королдігінің Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы төтенше және өкілетті…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz