Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Добавлено: 26.12.2017
Изменено: 26.12.2017
Просмотров: 18473

Келіссөз барысында күн тәртібіндегі екіжақты экономика мәселелері, цифрлық технологияларды пайдалану кезіндегі бірлескен жұмыстардың перспективалары, сондай-ақ су және энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Қазақстан Президенті екі ел үкіметтері қол қойған Жол картасының орындалу нәтижелеріне көңілі толатынын айтып, бұл жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

– Жол картасы нақты уақыт пен күш-жігерді талап ететін шараларды қамтиды. Осыған байланысты, елдеріміздің үкіметтеріне осы маңызды құжаттың әр тармағының сапалы әрі дәйекті түрде іске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты сауда-саттықты кеңейту мәселелеріне ерекше тоқталып, 2020 жылға қарай өзара тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін арттыру қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан қырғыз экономикасының басты инвесторларының бірі екенін айтып, инвестиция үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– Біз инвестициялық ынтымақтастықты жақсарту және сауда-экономикалық қарым-қатынасты жандандыру мақсатымен Қазақстан мен Қырғызстанның Іскерлік кеңесін құру мүмкіндігін талқыладық. Ол елдеріміздің шаруашылық субъектілері арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді, – деді Қазақстан Президенті.

Тараптар су-энергетикалық ынтымақтастық тақырыбына да назар аударды. Атап айтқанда, трансшекаралық өзендердегі су ресурстары өңірдегі барлық елдер үшін ортақ болып саналатынын тағы да мақұлдады.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимыл жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Қырғыз Республикасына ресми сапармен келуге шақырып, Қазақстан мен Қырғызстанның жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысын өткізу жоспарланатынын айтты.

– Қазақстан Қырғызстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып саналады. Осыған орай, біз екіжақты экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ шекара, көлік, фитосанитария, ветеринарлық бақылау, кеден және салық әкімшілігі саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жол картасының іске асырылуына зор мән береміз, – деді Қырғызстан Президенті.

Сонымен бірге, Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтап, бұл маңызды халықаралық органға алдағы уақытта төрағалық етуімізге орай табыс тіледі.

Сапар аясында екіжақты көптарапты ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтеруге және мемлекеттік шекараның халықаралық-құқықтық ресімделуін аяқтауға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасы Президенті мен Қырғыз Республикасы Президентінің бірлескен мәлімдемесі;

– мемлекеттік шекараны белгілеу туралы шарт;

– мемлекеттік шекара режімі туралы келісім.

Журналистер алдында сөз сөйлеген тараптар өткен келіссөздердің қорытындыларына қанағаттанатынын айтып, бұл сапар елдеріміз арасындағы жан-жақты өзара іс-қимыл үшін жаңа жол ашатынына сенім білдірді.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы