Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ақтауда 2,1 млрд долларға Эко-қала салынады

18.01.2018
14:04:54
2055

Маңғыстау облысының әкімдігінде Ақтау Эко-қаласын салу және қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.

«Құрметті қонақтар, киелі Маңғыстауға қош келдіңіздер! Маңғыстау – еліміздің жетекші аймақтарының бірі екені баршамызға белгілі.  Облыстың экономикалық дамуының басым бағыттары: көлік және логистика, құрылыс, туризм, агроөнеркәсіп кешені, сондай-ақ теңіз бағытының дамуында жетекші рөл атқаратын мұнай кен орындарының қызмет көрсету саласы. Өндірісті құру және іске қосу үшін барлық жағдай жасалған. Өңірде «Ақтау Теңізпорты» АЭА жұмыс істейді. Индустриалды аймақ құрылған. Маңғыстау облысының әкімдігі әлемнің түрлі елдерінің әлеуетті инвесторларымен белсенді түрде ынтымақтасуда», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Тараптар Маңғыстау облысындағы Ақтау эко-қалашығының ірі жобасын әзірлеу үшін құрылыстың бас мердігерін және қаржыландыру құрылымын тағайындайды. Келісімге сәйкес, инвестиция көлемі Ұлыбритания тарапынан 2,1 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі жобаның 100% -ын, ал қытайлық тарап 400 миллион долларға банктік кепілдікті қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыру үшін Маңғыстау облысының әкімдігі облыс орталығының солтүстік бөлігінен 865 гектар жер бөледі.Мұнда қолжетімді баспана, коммерциялық және сауда орталықтары, мектептер, балабақшалар мен медициналық орталықтар салынады.

Сонымен қатар, IT парк, қонақ үй брендтері, спорттық стадиондар, ойын-сауық мекемелері және түрлі мемлекеттік қызметтер, заманауи энергетикалық/экологиялық таза технологиялармен тасымалдау қызметтері көрсетілетін эко-қала әлемдік саяси аренада еліміздің беделін өсірген «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жалғасы болмақ. Ақтау қаласының әкімдігі инфрақұрылымды, оның ішінде жолдарды, энергиямен жабдықтауды, кәрізді және сумен қамтамасыз етуді өз міндетіне алады.

Келісім келесі тараптардың арасында жасалды:

1.   «Global Project Capital Ltd» (Ұлыбритания) компаниясының бас директоры Кеннет Фультон.

2.  AAG Corporate Services Ltd (Ұлыбритания) компаниясының бас директоры Ричард Балаес.

3.   China Road and Bridge Corporation (CRBC) (ҚХР және Гонконг) бас директоры Жанг Джун.

4.   Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


23.06.2018
16:33:34
60
Маңғыстау полициясы су жаңа ресми көліктерге ие болды Маңғыстауда Қазақ полициясының күніне арналған мерекелік іс-шара…
23.06.2018
14:28:09
64
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау өлкесінің еңселі білім ордасы Yessenov University- де түлектердің диплом алу…
23.06.2018
14:19:31
63
Ақтау қаласында Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен  «Мемлекеттік қызметші күні» және «Мемлекеттік қызмет органдарының 20…
22.06.2018
12:27:13
213
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Dubai Port World (БАӘ) ірі порт операторының басқарушы директоры Ризван…
21.06.2018
20:21:50
229
Маңғыстау облысы елді мекендерді байланыс желілерімен қамту бойынша көшбасында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Қазақтелеком»…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz