Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтауда «Қауіпсіз қала» жобасының аясында қосымша 600 бейнебақылау камерасы орнатылады
Добавлено: 26.01.2018
Изменено: 26.01.2018
Просмотров: 2260

Бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов  облыстық Ішкі істер департаментінде  жиналыс өткізіп, өңірдегі полиция қызметінің өткен жылғы жедел қызметін қорытындылады. Сондай-ақ, алдағы басым міндеттерді нақтылап, облыс көлемінде құқықтық тәртіп деңгейін көтеру туралы тапсырма берді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов қатысты.

Департамент басшысы Қанат Таймерденов облыс көлеміндегі криминогендік ахуал туралы баяндады.  Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста тіркелген қылмыстардың 13,4%-ға азайғанын атап көрсетті.

Қазіргі таңда аймақтағы қарапайым қылмыс деңгейі елдегі ең төменгі көрсеткішті құрап отыр. 10 мың адамға шаққанда 88 қылмыс (1 орын).

Қылмыстылықтың профилактикасы бойынша мақсатты жұмыстардың нәтижесінде аса ауыр қылмыстар саны 2% -ға, орташа және аса ауыр емес 15,8% -ға және 22,6% -ға төмендеді.

Кісі өлтіру саны (40% -ға), ауыр дене жарақаттарын салу (12,8%-ға), зорлау (31%ға), тонау (18,5%ға), бұзақылық (17,4%-ға), басқа біреудің мүлкін ұрлау (13,5%-ға) азайды.

  Барлық қылмыс түрлері, аса ауыр қылмыстар бойынша  -96,2% (93,3%), оның ішінде кісі өлтіру - 90,9% (86,5%), денсаулығына зиян келтіру --97,7% (93,8%),  тонау-89,2% (82,9, тонау - 71,4% (55) , бұзақылық - 73,6% (64,4%), бөтеннің  мүлкін ұрлау - 36,1% (28,3%), соның ішінде ауыр ұрлық - 71,1% (61,7%) , сонымен қатар «ізін суытпай ұстау» бойынша қылмысты ашу көрсеткіші артты (жақсарды).

  Алайда, кәмелетке толмағандармен-9,7%-ға, сонымен қатар масаң күйде жасалатын қылмыстардың - 4% -ға өскендігі байқалады.

  Жедел жиналыста Ақтау және Жаңаөзен қ. ІІБ-ның, ЖПҚ, ҚАЖД-нің  басшылары есеп берді.

  «Қазіргі таңда ішкі істер органдарының қызметтері мен бөліністерінің  материалдық-техникалық базасын күшейту, 313 бейнебақылау камераларының қуатын пайдалану арқылы (оның  174-і Ақтау және 139-ы Жаңаөзен қалаларының ЖБО-сына қосылған), сондай-ақ, «Қауіпсіз аула» жобасы аясында  217 қылмыстың, соның ішінде 60 ұрлықтың беті ашылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 600 бейнебақылау камерасын орнату мен «Ақтау қаласындағы CCTV енгізу және қызмет көрсету» («Қауіпсіз қала») жобасы әзірленуде», - деді Департамент басшысы Қанат Таймерденов.

  Жиын барысында Берік Бисенқұлов ІІД-нің облыстық басқармасы және оның аумақтық бөлімшелері басшыларына қызметтің барлық саласы бойынша, сондай-ақ жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге бағытталған нақты міндеттерді алға қойды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы