Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстауда 233 ана сәби тууын тіркеу туралы ұсыныспен SMS-хабарлама алды

29.01.2018
16:01:02
1699

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық  жиналыстың күн тәртібіндеагроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру, бәсекелестікті дамыту, «жергілікті бюджетке түсетін кірісті ұлғайту және қосымша қорларды іздеу» іс-шаралар жоспарының жобасы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің қызметі, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының 2018 жылға арналған негізгі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуі қаралды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда серпіліс жасауға мүмкіндік береді. Осыған орай, Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы 2 бағыт бойынша цифрлық технологияны енгізуді жоспарлап отыр:

Бірінші, Бірыңғай автоматтандырылған мобильдік қосымшаларды іске қосу. Оның көмегімен тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу қолжетімді болмақ (24 сағат бойы онлайн-өтініш беру, уақыт үнемдеу, мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар, субсидиялар және субсидиялар берудегі өзгерістер мен толықтыруларды бақылау).

Екінші, шаруашылық өнімдерін сатуға арналған электрондық коммерция алаңын құру. «Электрондық коммерция платформасы (веб-сайт + мобильдік қосымшасы) Маңғыстау облысының тұрғындарына жергілікті шаруашылықтардан тамақ өнімдерін жеткізуді ұйымдастыруға, шаруашылықтан үстелге дейін өнім жеткізудің қашықтығын, уақытын және құнын есептеуге мүмкіндік береді. Онлайн төлем әдістерінің тізімі жиі кеңейтіледі», - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.

  Маңғыстау облысы бойынша табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Сержан Сихымбекұлының баяндамасына сәйкес, 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу бойынша 8 тергеу басталды (7 адам логикалық қорытындыға келіп,  бір тергеу 2018 жылы жалғасты). Әуежайға монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша тергеу жүргізілуде. Ол Ақтау терминалының аумағында қоғамдық тамақтандыру объектілерін  жалға берудің жоғары бағаларын белгілеуде анықталды. Сондай-ақ, 2017 жылы департамент бірқатар мемлекеттік органдарға тергеу жүргізді.

  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің қызметі туралы Ербол Байжігіт мәлімдеді. 2017 жылға ХҚО департаменті 1 519 726 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 1 030 625 қызмет электронды түрде ұсынылды. Облыс бойынша 3 мобильді орталық халыққа қызмет көрсетеді. Айына 2 рет Қарақия, Бейнеу және Маңғыстау аудандарының шалғай елді мекендеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін барады. Сонымен қатар, 2017 жылдың 29 желтоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-пен бірлесе отырып ата-аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету жобасын іске қосты. Бала туғаннан кейін ата-аналар баланың тууын тіркеуге арналған мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныспен SMS-хабарлама алады. Бүгінгі таңда мұндай хабарлама 233 ата-анаға жіберілді.   

  Аппараттық жиында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының  2018 жылға арналған негізгі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуі туралы  басқарма басшысы Найзабек Жайлау баяндады. Биыл басқарма төмендегі 3 негізгі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуі қарастыруда:

1.  Ақтау қаласының интерактивтік картасын жасау. Қажетті қаражат 17,5 млн. теңге деп анықталып, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.

2.  Ақтау қаласының бас жоспарын бұрын жасақталған құрылыс салу жобасымен қоса барлық инфрақұрылымды өзектендіру үшін кешенді құрылыс салу жобасын жасақтау. Сметалық құны 63,6 млн. теңге.

3.  Ақтау қаласында оңтүстік индустриалды аймақ құрып, дамытудың (МАЭК маңайы) құрылыс салу жобасын жасақтау. Сметалық құны 27,8 млн. теңге.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


23.06.2018
16:33:34
56
Маңғыстау полициясы су жаңа ресми көліктерге ие болды Маңғыстауда Қазақ полициясының күніне арналған мерекелік іс-шара…
23.06.2018
14:28:09
60
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау өлкесінің еңселі білім ордасы Yessenov University- де түлектердің диплом алу…
23.06.2018
14:19:31
60
Ақтау қаласында Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен  «Мемлекеттік қызметші күні» және «Мемлекеттік қызмет органдарының 20…
22.06.2018
12:27:13
210
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Dubai Port World (БАӘ) ірі порт операторының басқарушы директоры Ризван…
21.06.2018
20:21:50
226
Маңғыстау облысы елді мекендерді байланыс желілерімен қамту бойынша көшбасында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Қазақтелеком»…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz